Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 167 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 67-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуін сараптама жасаудың ережесінде: 4-тармақтағы «Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздер «Индустрия және жаңа технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) «Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін жене оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 608-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау ережесінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 1-1-қосымшада көрсетілген. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 2-қосымшада көрсетілген.»; көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|