«Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 Қаулысымен күшi жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: 1-тармақтың 4) тармақшасындағы «деп белгілесін.» деген сөздер «;» белгісімен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын: «5) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің қорғалуын қолдау мақсатында: арнаулы мемлекеттік органдардың желілерін, арнайы мақсаттағы телекоммуникация және/немесе қорғаулы байланыс желілерін, қорғаулы орындаудағы ақпараттық жүйелерді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің желілерін қоспағанда, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерін өзара қосу Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі - МО БКО) арқылы жүзеге асырылады; мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерін Интернет желісіне қосылған басқа техникалық құралдарға қосуға жол берілмейді; мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін Интернет желісіне қосуды мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі арқылы байланыс операторлары жүзеге асырады; мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін Интернет желісіне қосу МО БКО-ға қосылған ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілермен түйістірілмей жүзеге асырылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|