|
|
|
Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы (2016.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер мен таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты өңдеу және сақтау халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желісіне және/немесе халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желісіне шығатын ақпараттық желiлерге, байланыс желiлерiне қосылмаған есептеу техникасы құралдарында жүзеге асырылады; ҚР Үкіметінің 2011.16.02. № 142 Қаулысымен 2-тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желісіне және/немесе халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желiсіне шығатын ақпараттық желiлерге, байланыс желiлерiне қосылған техникалық құралдарды орналастыру олардың барысында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердi қамтитын мәселелер талқыланатын кеңестер (келiссөздер) өткiзуге бөлiнген үй-жайлардан тыс жерлерде орналастырылады; ҚР Үкіметінің 2011.16.02. № 142 Қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды 3) бөлінген үй-жайларда мемлекеттік құпияларды және ақпараттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі талаптарды міндетті түрде орындай отырып, «Үкіметтің мобильдік офисіне» қол жеткізу үшін қажетті мобильдік құрылғыларды қолдануға рұқсат етіледі. Құпия келіссөздер мен мәжілістер өткізу уақытында көрсетілген мобильдік құрылғылар өшіріледі не қызметтік үй-жайдан тыс шығарылады; ҚР Үкіметінің 2011.16.02. № 142 Қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.14.03. № 244 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) «Үкіметтің мобильдік офисі» қызметтік ақпаратының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында санкцияланбаған қол жетімділіктен қорғаудың ұйымдық және техникалық шаралары мен Интернет желісінің деректерін берудің жаһандық желілеріне «Үкіметтің мобильдік офисінің» қол жетімділігі үшін пайдаланылатын деректерді беру желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі; 5) ҚР Үкіметінің 2016.20.12. № 832 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6) ҚР Үкіметінің 2016.20.12. № 832 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2011.16.02. № 142 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы, өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) үш ай мерзiмде таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың ведомстволық тiзбелерiн әзiрлесiн және бекiтсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп, үш ай мерзімде «Үкіметтің мобильдік офисіне» беруге рұқсат етілген қызметтік ақпараттың тізбесін әзірлесін және бекітсін. 2-1. ҚР Үкіметінің 2016.20.12. № 832 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2-2. ҚР Үкіметінің 2016.20.12. № 832 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдарының басшыларына (келісім бойынша) жүктелсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
ҚР Үкіметінің 2013.14.03. № 244 Қаулысымен тізбемен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысына қосымша
Қолжетімділігіне тыйым салынған Интернет желісінің тізбесі
Министр
* мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзінің құралдарымен қолжетімділігі шектелген интернет-ресурстар санаттарының тізбесін мемлекеттік органның өзі айқындайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |