Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы (2013.10.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 422 Қаулысымен күші жойылды
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 146 қаулысымен бекітілген
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүргізу, уәкілетті органның аккредиттеу туралы куәлік беруінің тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу — уәкілетті органның энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыруға заңды тұлғалардың құзыретін ресми тану рәсімі; 2) аккредиттеу туралы куәлік — энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғалардың энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыру құзыретін куәландыратын ресми құжат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|