Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар сараптамасының нәтижелерін қарастыру және сынақтан өткізу жөніндегі Республикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру және өткізу туралы (2019.19.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығымен бекітілген Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар сараптамасының нәтижелерін қарастыру және сынақтан өткізу жөніндегі республикалық комиссияның (бұдан әрі - Республикалық комиссия) құрамы бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының бастықтары, жоғары оқу орындарының басшылары Республикалық комиссия мүшелерінің қатысуын қамтамасыз етсін. 3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева): 1) осы бұйрықты Республикалық комиссияның барлық мүшелерінің назарына жеткізсін; 2) Республикалық комиссияның жұмысын ұйымдастырсын. 4. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.05.03. № 83 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің: 1) «Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдар сараптамасының нәтижелерін қарастыру жөніндегі Республикалық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және өткізу туралы» 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 562; 2) «Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдар сараптамасының нәтижелерін қарастыру жөніндегі Республикалық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және өткізу туралы» 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 530 бұйрықтарының күші жойылсын. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|