Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 1830 Қаулысымен күші жойылды
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 21 ақпандағы № 261 Қаулысымен бекітілген
«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу»
1. Осы «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды. 2. «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Орал қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді (бұдан әрі - уәкілетті орган). 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) негізінде жүзеге асырылады. 5. Мемлекеттік қызмет стандарты туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында www.bala-kkk.kz, уәкілетті органдардың орын-жайларында орналасқан стенділерде орналасады. Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы,145 телефон 8(7112) 508647. 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|