Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 1830 Қаулысымен күші жойылды
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 21 ақпандағы № 261 Қаулысымен бекітілген
«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
1. Осы «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды. 2. «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары (бұдан әрі — білім беру ұйымдары) көрсетеді. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына және «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет Стандарттың негізінде жүзеге асырылады (бұдан әрі — Стандарт). 5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымының веб-сайтында орналастырылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімдері: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|