Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке басты куәландыратын құжаттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке басты куәландыратын құжаттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Мемлекеттік органдар: 1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 72-ө өкімімен бекітілген
Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке басты куәландыратын құжаттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|