Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы (2013.26.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 68 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. 2. Екінші деңгейдегі банктер Қағидалардың 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген фактордың 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша болжамды есептеуін жасайды. Қағидалардың 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген фактор анықталған жағдайда, екінші деңгейдегі банктер 2013 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне Қағидалардың 4-тармағына сәйкес банктің қаржылық тұрақтылығын көтеру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және оның қызметімен байланысты тәуекелдердің өсуін болдырмау бойынша ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсынады. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 380 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8322 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.26.07. № 204 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|