Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасын бекіту туралы (2014.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасы, 1-қосымшаға сай; 2) Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасы, 2-қосымшаға сай бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 2-НП нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7190 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 қазанда № 488-490 (26882) жарияланған); 2) «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері 2011 жылғы 12 тамыздағы №1-НП және «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 18 тамыздағы №2-НП нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 1-НП нормативтік қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7808 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 9 тамызда № 483-488 (27561) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|