Қазақстан Республикасының теңiз көлiгінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы (2010.18.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 7 қазандағы № 1033 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және жүктердi теңiз көлiгiмен тасымалдауға байланысты теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтер көрсету рыногындағы қатынастарды реттеуге арналған және Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. 2. Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: теңiз көлiгіндегі экспедиторлық қызмет - жүктi тасымалдауды, оларды жинақтауды/таратуды, буып-түюдi, сақтауды, тиеу-түсiру жұмыстарын, жүктердi жөнелту мен алуды қамтамасыз етудi қоса алғанда, олардың қозғалысының барлық сатысындағы оларды тасымалдауға және оларға қызмет көрсетуге байланысты қызметтер көрсетуге, сондай-ақ оларға байланысты қосымша және консультативтiк қызмет көрсетуге, құжаттарды алуға, осы қызмет саласындағы тәуекелдiң барлық түрлерi бойынша баждар, салықтар, өзге де алымдар мен кепiлдiктердi төлеудi қамтамасыз етуге сұранысты қанағаттандыруға бағытталған қызмет; экспедитор - қызмет түpi құрылтай құжаттарына сәйкес клиенттерге жүктi тасымалдауға байланысты экспедициялық қызметтер көрсету болып табылатын клиентпен көлiк экспедициясы шартын жасасқан тұлға; сенiмхат - егер сенiмхат экспедитордың мiндеттерiн орындау үшiн қажет болса, оған жүктiң клиентi (жөнелтушi-алушы) беретiн құжат; клиент - экспедитормен жасасқан жүктердi теңiз көлiгiмен жөнелту жөніндегі қызметтер көрсетудi орындауға арналған шарт бойынша немесе осы шартты орындауға байланысты экспедитордың iс-әрекетi нәтижесiнде құқықтары және (немесе) мiндеттерi бар кез келген тұлға; тасымалдаушы - бұл жолаушыларды, багажды, почтаны және тасымалдау құжаттарында көрсетiлгендi тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi ұсынатын меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде кемеге иелiк ететiн жеке немесе заңды тұлға; көлiк экспедициясының шарты - оған сәйкес экспедитор сыйақы үшiн және клиент есебiнен оның немесе өзiнiң атынан осы шартта белгiленген жүктi тасымалдауға байланысты экспедиторлық қызметтер көрсетудi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға экспедитор мiндеттенген шарт; жүк - жануарларды, контейнерлердi, табандықтарды және буып-түюге немесе тасымалдауға байланысты басқа да заттарды қоса алғанда, экспедитор ұсынбайтын кез келген мүлiк; қауiптi жүк - өзiне тән қасиеттерiне қарай тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде жарылысқа, өртке немесе техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына немесе ауруына себеп болуы, қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн жүк. 2. Теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi ұйымдастыру тәртібі 3. Қазақстан Республикасының теңiз көлiгіндегі экспедиторлық қызмет осы процеске қатысушының әрқайсысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенiмдi кепiлдiктi қамтамасыз ететiн өзара тиiмдi тең құқықтық негiзде жүзеге асырылуы тиiс. 4. Экспедитор мен клиенттiң өзара қатынасы жазбаша нысанда жасалатын көлiк экспедициясы шартының талаптарында құрылады. Экспедитор тасымалдаушымен тасымалдау шартын клиент атынан жасасқан жағдайда, тасымалдаушының экспедитормен өзара қатынасы жүк жөнелтушiмен сияқты құрылады. 5. Теңiз көлiгіндегі экспедиторлық қызмет мынадай қызмет көрсетудi ұсыну арқылы жүзеге асырылады: 1) жөнелту орнынан жеткiзу орнына дейiн тасымалдауды ұйымдастыру; 2) клиент атынан немесе өз атынан тасымалдау шартын жасасу; 3) көлiктiк теңiз жүкқұжатын және (немесе) тасымалдау құжаттарының жинақталымын, соның iшiнде бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарын ресiмдеу; 4) жүктi жаңа мекен-жайға жiберуге өтiнiмдi ресiмдеу; 5) жүктi тасымалдауға көрсету; 6) жүктi aлу; 7) жүктi клиенттiң қоймасынан портқа дейiн және порттан клиенттiң қоймасына дейiн жеткiзу; 8) жүктi портта немесе клиент қоймаларында тиеудi, түсiрудi (босатуды), қайта тиеудi ұйымдастыру; 9) жүктi iрiктеу; 10) жөнелтiмдердi жинақтау (жүктi жинау, тарату); 11) жүктi маркалау, қайта маркалау, буып-түю; 12) көлiк ыдысы мен орамын жөндеу; 13) жүктi жөнелту, жылжыту (соның iшiнде жүктiң шекарадан өткенi туралы), оның келуi және беру туралы, сондай-ақ ауыстырып тиеу пункттерiнде жүктi басқа көлiк құралдарына қайта тиеу туралы клиенттердi хабардар ету; 14) жүру жолында жүк қозғалысын байқау; 15) кеменiң жүк бөлiмдерiн және контейнерлердi тазарту, жуу және дезинфекциялау; 16) клиенттердi жүк тасымалдау үшiн қажеттi түсiргiш жабдықпен және контейнерлермен қамтамасыз ету; 17) клиенттер мен тасымалдаушыға тиектiк-пломбалау құрылғыларын беру; 18) жүктi сақтандыруды қамтамасыз ету; 19) тасу төлемдерiн, алымдар мен айыппұлдарды, тиеу-түсiру, қойма және өзге де жұмыстарды есептеу және оларға ақы төлеу; 20) коммерциялық актiге қол қою; 21) коммерциялық актi мен өзге құжаттардың негiзiнде талап-арыздарды ресiмдеу; 22) жүктi тиеу мен бекітудiң техникалық талаптарын тасымалдаушымен әзiрлеу және келiсу; 23) жүктi сақтау, қоймаға салу; 24) жүру жолында жүктi алып жүрудi ұйымдастыру; 25) жеткiзу мерзiмдерi өткеннен кейiн жоғалған жүкке iздеу салу; 26) жүк тасымалдау саласындағы консультациялық қызметтер көрсету; 27) жүктiң декларациясын жасау; 28) тәуекелдiң барлық түрлерi бойынша кепiлдiктер беру; 29) жүк тасымалына байланысты өзге де қызметтер көрсету. 6. Көлiк экспедициясы шартында жүктердi жүйелi түрде тасымалдауға байланысты экспедициялық қызметтер көрсетудi орындау немесе орындауды ұйымдастыру көзделуi мүмкiн. Бұл ретте жүктiң нақты партиясын тасымалдауға байланысты экспедициялық қызметтер көрсетудi ұсыну экспедиторға клиенттiң жекелеген тапсырыстар беруi негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл жағдайда көлiк экспедициясы шартында келісілген экспедициялық қызметтер көрсетуді ұсыну шарттары, егер шартта өзгеше көзделмесе, жекелеген тапсырыс бойынша экспедициялық қызметтер көрсетуді ұсыну шартына қолданылады. 3. Экспедитор және тасымалдаушы 7. Экспедитор экспедициялық қызметтер көрсетудi көлiк экспедициясының шартына және экспедитормен келісілген клиент нұсқауларына сәйкес жүзеге асырады. 8. Көлiк экспедициясының шартында экспедитордың жүктi өз күшiмен тасымалдауды жүзеге асыру мiндетi көзделуi мүмкiн. 9. Егер көлiк экспедициясы шартынан экспедитор өз мiндеттерiн жеке орындауға тиiстiгi туындамаса, экспедитор өз мiндеттерiн орындауға басқа тұлғаларды тарта алады. 1) тасымалдауды ұйымдастыру шартына сәйкес тасымалдаушыға тиесiлi барлық төлемдердi уақтылы және толық төлеудi қамтамасыз етедi; 2) тасымалдау құжаттарына төлеушi туралы деректердi енгiзудi қамтамасыз етедi; 3) тасымалдаушы белгiлеген тәртiппен тасымалдаушыға тасымалдау төлемiнiң растауын ұсынады; 4) тасымалдау құжаттарын ресiмдеу ережесін орындауды және кеден органдарының, фитосанитарлық, карантиндiк, шекаралық және өзге де бақылау тарапынан жүкке қойылатын талаптарды орындауды қамтамасыз етедi; 5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдарды ұйымдастыру туралы шартты орындамау немесе тиесiлi орындамау салдарынан тасымалдаушыға келтiрiлген шығындарды өтейдi. 11. Клиенттiң нұсқауларынан шегiну қажет болған кезде экспедитор алдын ала клиенттен осындай шегiнуге оның келісімi туралы сұрайды. 12. Егер бұл клиент мүддесiмен қажет болғанда және iс жағдайы бойынша экспедитор клиенттен мұндай шегiнуге оның келісімi туралы алдын ала сұрай алмағанда не өз сұрауына белгiленген мерзiмде жауап алмағанда экспедитор клиенттiң нұсқауларын орындамайды. Егер клиенттiң нұсқаулары дәл емес, толық емес немесе сенiмсiз болса не шартқа сәйкес келмесе және экспедитордың ic жағдайы бойынша клиенттiң нұсқауларын нақтылауға мүмкiндiгi болмаса, экспедитор клиенттiң тәуекелi үшін оның мүддесіне сүйеніп әрекет етеді. 13. Егер шартта өзгеше көзделмесе, экспедитор тасымалдау көлiгi мен бағытын таңдайды немесе ауыстырады, жүк тасымалдау тәртібін, сондай-ақ экспедициялық қызметтердi орындау тәртібін өзгертедi. 14. Көлiк экспедициясы шартының талаптарымен экспедитордың клиент атынан үшiншi тұлғалармен шарт жасасуы, сондай-ақ клиент атынан көлiк экспедициясы шартын орындауға байланысты басқа да мiндеттердi орындауы көзделген жағдайда клиент экспедиторға сенiмхат бередi. Көлiк экспедициясы шартын орындау бойынша немесе оны орындағанға дейiн көлiк экспедициясы шартын тоқтату кезiнде экспедитор қолдану мерзiмi өтпеген сенiмхатты клиентке қайтарады. 15. Экспедиторға тасымал шартын клиент атынан жасауға берiлген сенiмхат экспедиторға жүктi жаңа мекен-жайға жiберуден, талап-арыздар мен талап-қуыным өтiнiшiн беруден, iстi аралық сотқа беруден, татулық келісімiн жасасқаннан, өкiлеттiктердi басқа тұлғаға беруден (қайта сенiп тапсыру), клиентке тиесiлi ақшаны алудан басқа, бүкiл iс-әрекеттi жасауға мүмкiндiк бередi. 16. Экспедитордың 15-тармақта көрсетiлген әрбiр iс-әрекеттi жасауға өкiлеттiгi клиент берген сенiмхатта арнайы көзделуi тиiс. 17. Экспедитор жүк қабылдаған кезде экспедитор клиент атынан оның берген сенiмхаты негiзiнде жасаған шарттардың түпнұсқаларын клиентке ұсынады. 18. Экспедитор жүктi жаңа мекен-жайға жiберуге өтiнiмдi клиенттiң сенiмхаты бойынша ресiмдейдi. 19. Көлiк экспедициясы шарттарын орындау мақсаттары үшiн экспедитор тасымалдаушымен мынадай шарттар жасасады: 1) республикалық және халықаралық қатынаста (транзиттi қоспағанда) тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт; 2) халықаралық қатынаста транзитпен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт. ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 20. Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар жасасқан кезде экспедитор тасымалдаушыға мыналарды ұсынады: 1) тасымалдаушының бiрiншi басшысының атына хат; 2) ұйым жарғысының, заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмелерi; 3) банкте шоты барын растайтын анықтама. 1) егер шартта өзгеше көзделмесе, кiре төлемi мен алымын алғанға дейiн жүктi тасымалдауға қабылдамайды; 2) халықаралық қатынаста транзитпен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт экспедитордың мiндеттемелерiн қамтамасыз етпеген жағдайда бiр жақты тәртiппен бұзады; 3) экспедитордан мемлекеттік органдардың (кеден, шекара, фитосанитарлық және басқаларының) бақылауымен жүктi кедергiсiз тасымалдау үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдегенге дейiн тасымалдауға жүк қабылдамайды; 4) экспедитор баратын станциясында, ал транзиттiк тасымал кезiнде жүру жолында кiре төлемдерi мен алымдарын төлемеген жағдайда жүктi ұстап қалады; 5) тасымалдау шартының талаптарына сәйкес жүктi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауды қамтамасыз етедi; 6) жүктi тасымалдау кезiнде кедергiлер туындаған жағдайда экспедиторға хабардар етедi; 7) экспедиторға Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң теңiз көлiгiмен жүк тасымалын ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң өзгеруi немесе жаңаларының қабылдануы туралы (халықаралық шартқа сәйкес), соның iшiнде тасымалдардың тарифтерi мен шарттарының өзгеруi туралы, теңiз порттарының ашылуы, жабылуы және қайта аталуы туралы хабардар етедi; 8) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдарды ұйымдастыру туралы шартты орындамау немесе тиесiлi орындамау салдарынан экспедиторға келтiрiлген шығындарды өтейдi. 22. Жүк тасымалын халықаралық қатынаста транзитпен ұйымдастыру туралы шарттың қолданылуы кепiл, банк кепiлдiгi және сақтандыру шарты бұзылған, оның қолданылу мерзiмi өткен, жарамсыз деп танылған жағдайларда тоқтатылады. |