Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы (2012.13.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.13.04. № 455 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2012.13.04. № 455 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2012.13.04. № 455 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қарашадағы № 1113 қаулысымен Бекітілген
Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Осы Қағидалардың әрекеті шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін (бұдан әрі - шетелдік кемелер) және Қазақстан Республикасының теңіз порттары арасындағы қатынаста, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы жүк тиеу портынан (пунктінен) түсіру портына (пунктіне) дейін тасымалдау мен сүйретіп жүзуді, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторы шегіндегі сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыратын кемелердің барлығына қолданылады. 3. Шетелдік кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзуге байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсатты (бұдан әрі - рұқсат) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) береді. 4. Рұқсат мамандандырылған кемелерді тарту қажет болған немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзетін кемелердің құрамында осы мақсаттар үшін шетелдік кеме тартылатын қызметті жүзеге асыруға мүмкіндігі бар ұқсас түрдегі бос кемелер болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген тек жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беріледі. 5. Рұқсат әрбір шетелдік кемеге теңіз тасымалы (сүйретіп жүзу) шартында немесе тайм-чартерде көрсетілген, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі. 6. Рұқсат алған кеме иесіне шетел кемесін басқа кеме иесіне рұқсатта көрсетілген кезең ішінде кеме жалдау шарты негізінде одан әрі беруге жол берілмейді.
7. Рұқсатты алу үшін кеме иесі міндетті түрде мынадай мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда өтінімді береді: 1) кеменің атауы, туы, тіркелген порты, сыныбы, үлгісі мен мақсаты; 2) кеменің техникалық сипаттамалары (Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, кеменің жасалған жылы мен орны, кеменің габариттік көлемі, бас қозғалтқыштарының қуаты); 3) кеменің меншік иесінің және иесінің деректемелері: заңды тұлғалар үшін - атауы, орналасқан жері, қандай мемлекеттің құқығы бойынша тіркелгені, басқару органының мекенжайы; жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, азаматтығы, тұрған мекенжайы, паспортының деректері; 4) Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы акватория шегінде жүзу ауданын көрсете отырып, шетел кемесінің жоспарланған қызмет түрлері; 5) каботажды немесе сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыру үшін шетелдік кемені пайдалану мүмкін болатын мерзімдер туралы. 8. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) құрылтай құжаты және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлға үшін - паспорт немесе жеке куәлік); 2) кеме құжаттары (өлшем куәлігі, сыныптау куәлігі, кемеге меншік құқығы туралы куәлік немесе мұндай құқықты растайтын өзге де құжат, санитарлық куәлік, жолаушы куәлігі (жолаушылар кемелері үшін), кемелерден мұнаймен ластанудың залалы үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік (мұнайды екі мың және одан көп тонна көлемінде тасымалдауға арналған кемелер үшін немесе кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжат), тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы полис (жолаушылар кемелері үшін); 3) теңіз тасымалы (сүйретіп жүзу) шарты немесе тайм-чартер немесе соның негізінде шетелдік кеме тартылатын өзге де құжат. Каботажды жүзеге асыруға рұқсат беру үшін қажетті барлық құжаттар не екі данада беріледі, олардың бipі - түпнұсқа, ал екіншісі көшірмесі болуы тиіс не нотариалды расталған көшірмелері беріледі. Түпнұсқа тіркелгеннен кейін құқық иеленушіге қайтарылады. Бұл ретте шет тілінде орындалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармамен бірге ұсынылады. 9. Қоса берілетін құжаттармен бірге өтінім Министрлікке почта байланысы арқылы жіберіледі немесе қолма-қол беріледі. 10. Өтінімді қарау өтінім алынған және кіріс хат-хабарлар журналында тіркелген күнінен бастап жүзеге асырылады. 11. Министрлік өтінішті қабылдағаннан және күнтізбелік үш күн ішінде ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың толықтығы анықталғаннан кейін келіп түскен өтініш туралы ақпаратты ресми сайтқа орналастырады. 12. Егер келіп түскен өтініш Министрліктің сайтына орналастырылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзетін кемелерді пайдаланатын қазақстандық кеме иелерінен мақсаттары үшін шетелдік кеме тартылатын қызметті өздеріне тиесілі кемелермен жүзеге асыру мүмкіндігі туралы ақпарат түспесе, мұндай мүмкіндік жоқ деп есептеледі. 13. Шетелдік кемеге рұқсат өтінімі қарауға қабылдаған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей беріледі. Берілген рұқсат туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне жіберіледі. Берілген рұқсаттарды есепке алуды Министрлік шетелдік кемелерге берілген рұқсаттарды есепке алу журналында жүргізеді. 1) осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың көшірмелері толық көлемде ұсынылмаған; 2) егер рұқсатты алуға өтініммен кеме иесі немесе оның өкілі болып табылмайтын адам өтініш жасаған; 3) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс емес; 4) өшіріп, тазартылған не қосып жазылған сөздер немесе оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулерімен құжаттар бар болған; 5) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген негіздер болмаған; 6) кеме құжаттарының қолданылу мерзімдері және кемені жыл сайын техникалық куәландыру мерзімдері өтіп кеткен; 7) теңіз тасымалы (сүйретіп жүзу) шарты немесе тайм-чартер немесе негізінде шетелдік кеме тартылатын өзге де құжаттың мерзімі аяқталған; 8) кеменің теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмеуі көрсетілген негіздемелер болған; 9) кеменің жасалғанына 20 жыл және одан жоғары болған жағдайларда бас тартылады. 15. Рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдік кеме Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиіс, бұл туралы үш жұмыс күні ішінде Министрлікке және осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға хабарланады.
3. Берілген рұқсатты ұзарту және күшін жою
16. Қазақстан Республикасының аумағында шетел кемесін пайдалануды ұзартқан жағдайда кеме иесі рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын Министрлікке ұзарту негіздемесін көрсете отырып, өтінім жібереді. Өтінімнің мазмұны, оны қарау тәртібі және рұқсатты беру мерзімдері осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген. Рұқсат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің рұқсаты болған жағдайда екі реттен астам ұзартылады. 17. Рұқсат мынадай жағдайларда жойылады: 1) шетел кемесі экипажының кінәсынан авариялық жағдайдың туындауы (мұндай шешім авариялық жағдайды тексеру бойынша қорытынды негізінде қабылданады); 2) шетелдік кемедегі авариялық жағдай туралы айғақтарды жасыру (бұл жағдайда кеме иесіне үш жыл ішінде шетелдік кемелерді тартудан бас тартылады); 3) шетелдік кемені басқа кеме иесіне беру, оның ішінде кеме жалдау шарты негізінде беру. Барлық жағдайда рұқсатты жою және шетелдік кеме бортындағы жүкті алушыға жеткізгеннен кейін Каспий теңізінің қазақстандық секторын дереу босату қажеттігі туралы хабарлама тікелей кеме иесіне немесе оның өкіліне беріледі не кеме иесіне почта немесе факсимильді байланыс арқылы жіберіледі. Хабарламаның көшірмесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жіберіледі. Көрсетілген хабарламалар рұқсатты жою үшін негіздер туындаған сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі.
|