Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларына өзгерістер енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы (2018.06.04. берілген өзгерістермен)
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңына, «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларына өзгерістер енгізілсін. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Жылқышиевқа жүктелсін.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 108 қаулысына 1-қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларына енгізілетін өзгерістер
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 269 «Оңтүстік Қазақстан облысының «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне мекенжайды тіркеудің тәртібі мен оның құрылымы туралы ережені бекіту» қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1964-нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 20 қыркүйекте «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған): 1) тақырыбындағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|