2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Осы редакция 2013 жылғы 26 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: 1. 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2013 жылға келесі көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 85 088 011 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 36 664 440 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 35 432 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8 572 мың теңге; трансферттер түсімі - 48 379 567 мың теңге; 2) шығындар - 85 088 011 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 2 901 788 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 3 395 465 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 493 677 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -2 901 788 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 901 788 мың теңге: қарыздар түсімі - 3 395 465 мың теңге; қарыздарды өтеу - 493 677 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге. 2. 2013 жылға арналған облыстық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес және осы шешімнің 4, 5 тармақтарына сәйкес қалыптастырылады. 3. Қазақстан Республикасының «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18-баптары қатерге және басшылыққа алынсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|