«Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1157 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1157 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 45, 532-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесінде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекітуге арналған өтінім - қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органға реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту туралы жазбаша өтініші; негізсіз алынған табыс - қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің уәкілетті орган бекіткен тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейінен немесе оның шекті деңгейінен асатын құн бойынша төлем алу және (немесе) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау, тарифтік сметаның шығын баптарын уәкілетті орган бекіткен мөлшерден бес пайыздан астамға орындамау нәтижесінде алынған қосымша табыс; тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілетін шығындардың түрлерін шектеу - тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіту кезінде ескерілмейтін шығындардың тізбесін анықтау; шығыстардың деңгейін шектеу - белгіленген және (немесе) бекітілген нормалар, нормативтер, стандарттар және лимиттер негізінде тарифте (бағада, алым ставкасында) ескерілетін шығындар деңгейінің шегін белгілеу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|