Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы (2012.07.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасының 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.К. Орынхановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012.07.12. № 545 бұйрығымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына 1-қосымша
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесі (заңды тұлғалар үшін)
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|