Талапкерлерді кешенді тестілеу пәндері бойынша апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 шілдедегі № 350 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде құрылатын апелляциялық комиссиялар туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған талапкерлерді кешенді тестілеу пәндері бойынша апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияның (бұдан әрі - республикалық комиссия) құрамы бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының басшылары республикалық комиссия мүшелерінің Астана қаласындағы Ұлттық тестілеу орталығына (бұдан әрі - ҰТО) 2013 жылы 19-24 шілде аралығында келуін қамтамасыз етсін. 3. ҰТО директоры (Қ.С. Әбдиев): 1) республикалық комиссияның жұмысына жағдай жасасын; 2) республикалық комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлесін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 262 бұйрығына бекітілген
құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|