«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін анықтау туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 12/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 тамыздағы № 24/5 шешімімен күші жойылды
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес қолжетімді тарифтер деңгейін және Солтүстік Қазақстан облысы аумағы бойынша халықтың еркін қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін анықтау туралы» 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 12/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 22 ақпанда № 2191 тіркелген, 2013 жылғы 28 ақпандағы «Солтүстік Қазақстан» газетінде, 2013 жылғы 28 ақпандағы «Северный Казахстан» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
мәслихатының 2013 жылғы 2 шілдедегі № 16/14 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 12/3 шешімімен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|