|
|
|
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң тұтынушылар (2011.19.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 4 тамыздағы № 1197 Қаулысымен бекітілді 2000 ж. 17 тамызда күшіне енді
Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерi, бұдан әрi - Тараптар, Тәуелсiз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда байланыстарын жандандыру қажеттiгiн ескере отырып, Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң экономикалық интеграциясын дамыту мақсатында, Еркiн сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісім мен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1999 жылғы 2 сәуірдегі Хаттаманы iске асыру бағытында iс-қимыл жасай отырып, өз мемлекеттерi халқының тiршiлiк деңгейiн ұдайы арттыруға ұмтыла отырып, Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң тұтынушылардың құқықтарын сапасыз тауарлардан, жұмыстардан, қызмет көрсетулерден қорғауды қамтамасыз етудегі өзара ықпалдастығының маңыздылығын түсiне отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бiрлестiктер қызметiнiң маңыздылығын назарға ала отырып, халықаралық құқықтың қолданылып жүрген нормаларын, атап айтқанда, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылғы 9 сәуірдегі «Тұтынушылар мүдделерiн қорғауға арналған басшылық қағидаттары» туралы Қарарын мойындай және ескере отырып, тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы келісілген саясатты жүргiзу мақсатында мыналар туралы келiстi:
Осы Келісімнiң мақсаттары үшiн мынадай айқындамалар қолданылады: тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ұлттық заң - тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекетте қолданылып жүрген және қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар жиынтығы; тұтынушы - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты емес, тек жеке (тұрмыстық) мұқтаждықтарына арналған тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) тапсырыс беруге немесе сатып алуға ниетi бар тапсырыс берушi, сатып алушы немесе пайдаланушы азамат; жасаушы - тұтынушыларға, меншiк нысанына қарамастан, өткізу үшiн тауарлар өндiретiн ұйым, сондай-ақ жеке кәсiпкер; атқарушы - тұтынушыларға, меншік нысанына қарамастан, қызмет көрсететiн немесе жұмыстар орындайтын ұйым, сондай-ақ жеке кәсiпкер; сатушы - тұтынушыларға, меншік нысанына қарамастан тауарларды сату-сатып алу шарты бойынша өткiзетiн ұйым, сондай-ақ жеке кәсiпкер; терiс пиғылды шаруашылық жүргізуші субъектілер - өз қызметiнде тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы зиянды, iскерлiк айналым салттарын бұзушылықтарға жол берген, егер бұл тәртiп бұзушылықтар тұтынушы азаматтарға және/немесе қоршаған ортаға мүлiктiк немесе мүлiктiк емес нұқсан келтiрсе немесе келтiруi мүмкiн болса сатушылар, жасаушылар, атқарушылар; тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерi - тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында құрылған осы Келісімге қатысушы мемлекеттердiң ұлттық заңдарына сәйкес тiркелген азаматтар мен/немесе заңды тұлғалардың коммерциялық емес бiрлестiктерi (ұйымдары), сондай-ақ осы Келісімге қатысушы барлық немесе бiрнеше мемлекеттердiң аумақтарында қолданылып жүрген халықаралық үкiметтiк емес ұйымдар.
Осы Келісімнiң мақсаты осы Келісімге қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында қолданылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң терiс пиғылды қызметiнен Достастыққа қатысушы мемлекеттер азаматтарының мүдделерiн қорғау жөнiнде олар үшiн бiрдей жағдайларды қалыптастыруға бағытталған, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы келісілген саясатты жүргiзу жөніндегі Тараптардың ынтымақтастығының құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн құру болып табылады.
Тұтынушылардың құқықтары мен оларды қорғау тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ұлттық заңмен, сондай-ақ осы Келісіммен кепiлдендiрiледi. ТМД әрбiр қатысушы мемлекетiнiң азаматтары, сондай-ақ оның аумағында тұратын өзге тұлғалар Достастыққа қатысушы басқа мемлекеттердiң аумақтарында өздерiнiң тұтынушылық құқықтарына қатысты сол мемлекеттердiң азаматтары сияқты құқықтық қорғауды пайдаланады, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға, басқа ұйымдарға жүгiнуге, соттарға талап-арыз беруге және сол мемлекеттердiң азаматтары сияқты, өзге де iс жүргiзу iс-қимылдарын жүзеге асыруға құқылы.
Тараптар тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ынтымақтастықты тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ұлттық заңды, осы саладағы халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей қабылданған нормаларын ескере отырып, мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырады: тұтынушыларды, мемлекеттік органдарды және тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерiн тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер), жасаушылар (сатушылар, атқарушылар) туралы жедел және анық ақпаратпен қамтамасыз ету; терiс пиғылды шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметiнiң және сапасыз тауарлардың (қызмет көрсетулердiң) осы Келісімге қатысушы мемлекеттердiң аумақтарына түсуін болдырмау жөнiнде шаралар қолдану; тұтынушы үшiн оң пиғылды бәсекелестiктi дамыту арқылы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) еркiн таңдалуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасау; мемлекеттердiң жалпы білім беретiн жүйелерiнде азаматтарды оқытудың ажырамас бөлiгi ретiнде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында ағарту бағдарламасын жүзеге асыру; тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерiн насихаттау мен жүйелi түрде жария етуге бұқаралық ақпарат құралдарын, оның iшiнде радио мен теледидарды тарту; тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы осы Келісімге қатысушы мемлекеттердiң ұлттық заңдарын осы Келісімдi жүзеге асыру қалай қажет болса, солай жақындату арқылы жүзеге асырады.
Тараптар тұтынушылардың тәуелсiз қоғамдық бiрлестiктерiнiң қызметi үшiн жағдайлар жасауға, оның iшiнде олардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыруға тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілерін және тұтынушылардың шағымдарын қарау рәсiмдерiн әзiрлеуге, сондай-ақ Тараптар арасында тұтынушылық ақпарат алмасу жүйелерiн құруға қатысуына жәрдемдеседi.
2011 ж. 19 мамырдағы Хаттамамен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап
Осы Келісімді іске асыруды өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында белгіленген құзырет шегінде осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің тиісті ұлттық органдары жүзеге асырады. Осы Келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен қызметті үйлестіру мақсатында Тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөнінде консультативтік кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрады. Кеңестің мәртебесі және оның міндетгері ооы Келісімнің ажырамас болігі болып табылатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік кеңес туралы ережеде белгіленеді (қоса беріледі). Кеңес осы Келісімді іске асыру үдерісінде тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасасады. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері өздерінің жарғыларына және өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес осы Келісімді іске асыруға қатыса алады.
Осы Келісімнiң ережелерi Тараптардың басқа халықаралық шарттарға сәйкес қабылданған құқықтар мен мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.
Осы Келісім қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi, ал оның күшiне енуiне қажеттi мемлекет iшіндегі рәсiмдердi орындауды талап ететiн заңдары бар мемлекеттер үшiн тиiстi құжаттарды депозитарийге сақтауға өткiзген күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келісімге Тараптардың ортақ келісімiмен Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын, жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Осы Келісімдi қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер мүдделi Тараптардың кеңестерi мен келiссөздерi арқылы шешiледi.
Осы Келісім күшiне енген күнiнен бастап, бес жыл бойы қолданылады. Бұл мерзiм аяқталғанда, Тараптар өзге шешiм қабылдамаса, осы Келісім үнемi бесжылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылады.
Әр Тарап осы Келісімнен шығу күнiнен алты ай бұрын депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып, шыға алады.
Осы Келісім оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлiсетiн басқа мемлекеттердiң қосылуы үшiн, депозитарийге мұндай қосылу туралы құжаттарды беру арқылы қосылуы үшiн ашық.
2000 жылдың 25 қаңтарында Мәскеу қаласында орыс тілінде бiр түпнұсқа дана болып жасалды. Түпнұсқа дана осы Шартқа қол қойған әрбiр мемлекетке расталған көшiрмесiн жiберетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiнде сақтаулы.
Осы арқылы қоса берiлiп отырған мәтiн 2000 жылғы 25 қаңтарда Мәскеу қаласында болған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiметтерiнiң басшылары Кеңесiнiң отырысында қабылданған Келісілген монополияға қарсы саясат жүргiзу туралы шарттың ұқсас көшiрмесi болып табылатынына сендiремiн. Жоғарыда аталған Шарттың түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақтаулы.
2000 жылғы 25 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы келісімге қосымша
ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1.1. ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік кеңес (бұдан әрі - Кеңес) 2000 жылғы 25 каңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы келісімді іске асыру мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік басқару органдарының өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіру үшін құрылған ТМД-ның салалық ынтымақтастық органы болып табылады. 1.2. Кеңес өз қызметінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Жарсысын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде қабылданған шарттар мен шешімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің міндеттері мен қызметінің негізгі бағыттары
2.1. Кеңестің міндеттері: ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау саласындағы тиімді саясатты қалыптастыруға жәрдемдесу; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің азаматтары үшін тең жағдайларды қалыптастыруға, олардың тұтынушылық құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін транспарентті жағдайлар жасауға жәрдемдесу; ТМД-ға қатысушы мемлекеттер заңнамасының тауарлар мен көрсететін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша талаптарын бұзатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің жосықсыз қызметінің алдын алу мақсатында тұтынушылар нарығында бақылаудың тиімді жүйесін құруға жәрдемдесу; ТМД шеңберінде көрсетілген бағыттағы бірлескен жұмыс тетіктсрін одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады. 2.2. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары: тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ынтымақтастығының келісілген саясатын жүргізу қағидаттары мен қағидаларын әзірлеу, оны тәжірибеде іске асыруға жәрдемдесу; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдары арасында, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының тиісті құқықтарын қамтамасыз етудің ұлттық тәжірибесі туралы, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі әлемдік тәжірибе туралы ақпарат алмасудың тиімді жүйесін құру; қызметтің негізі бағыттары бойынша бірлескен жобалар мен шараларды әзірлеу және іске асыру; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамаларын үйлестіруге және құқық қолдану практикасы жөнінде тәжірибе алмасуға жәрдемдесу болып табылады.
3. Кеңестің функциялары мен құқықтары
3.1. Кеңестің негізгі функциялары: ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимыл жасасуының басым бағыттарын айқындау; ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау туралы заңнаманы және оны қолдану практикасын, экономиканың барлық салаларында туындайтын тұтынушылардың құқықтарын қорғауға байланысты құқықтық қарым-қатынастарды реттеу проблемаларын талдау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында өзара іс-қимыл жасасудың басым міндеттері мен перспективалық нысандарын іске асыру жөнінде практикалық шаралар әзірлеу; жүргізілген талдау негізінде Кеңестің міндеттерін шешу жөнінде ұсыныстар дайындау; ұлттық, әрі мемлекетаралық деңгейде «өндіруші-тұтынушы» қатынастарын ұйымдастыруға және қалыптастыруға жалпы ұстанымдарды айқындау; тұтынушылардың құқықтарын қозғайтын мәселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттардың жобаларын талдау; тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу; ТМД-ға қатысушы мемдекеттердің үйлсетірілген тұтынушылар саясатын жүргізуі жөнінде ұсынымдар дайындау және енгізу; ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі істің жай-күйін талдау. 3.2. Кеңес өз функцияларын жүзеге асыру үшін: ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің тиісті мемлекеттік билік органдарынан, қоғамдық бірлестіктерінен тұтынушылардың құқықтарын қорғауға байланысты ақпарат сұратуға; өз құзыреті шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің жалпы ұстанымдарын қалыптастыру мәселелері жөнінде шешімдер мен ұсынымдар қабылдауға; Кеңестің құзыретіне жатқызылған қызмет бағыттары жөніндегі ұсыныстарды белгіленген тәртіппен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің қарауына енгізуге; өз функцияларын орындау үшін Кеңестің тұрақты және уақытша жұмыс топтарын құруға, олардың басшыларын тағайындауға және олардың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыруға; өз жұмысының Регламентін әзірлеуге және бекітуге; тұтынушылардың құқықтарын қорғау проблемалары жөнінде конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға және өткізуге; тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында білікті кадрлар даярлауға және қайта даярлауға жәрдемдесуге; ТМД-ның салалық ынтымақтастығының басқа органдарымен, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамалық және өзге де органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасуға құқылы.
4. Кеңестің құрамы және құрылымы
4.1.Кеңес ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік билігінің осы қызмет бағытына жауапты тиісті органдарының басшыларынан құрылады. Бұл ретте әр мемлекет бір дауысқа ие болады. Кеңестің отырыстарына Кеңес мүшелерін алмастыратын адамдарды жіберген кезде олардың өкілеттіліктерін жіберуші тарап растауы тиіс. 4.2. Кеңес құрамына кеңесші дауыс құқығымен тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері (ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік билігінің тиісті органдарының ұсынуы бойынша) және ТМД-ның Атқарушы комитетінің өкілі кіруі мүмкін.
5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
5.1. Кеңеске төрағалық етуді ТМД-ға қатысушы мемлекеттер атауларының орыс әліпбиі тәртібімен өз өкілінің тұлғасында Келісімге қатысушы әрбір мемлекет кезекпен, егер Кеңестің шешімімен өзгеше белгіленбесе, бір жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырады. Кеңес төрағасы: Кеңестің жұмысын ұйымдастырады; Кеңес отырысын жүргізеді және Кеңес қабылдаған құжаттарға қол қояды; ТМД-ға қатысушы мемлекетгердің тиісті мемлекеттік билік органдарымен, ТМД-ның салалық ынтымақтастық органдарымен өзара қатынастарда Кеңесті білдіреді. Кеңестің алдыңғы және келесі төрағалары оның тең торағалары болып табылады. Кеңес Төрағасы уақытша болмаған жағдайда, оның міндеттері тең төрағалардың біріне жүктеледі. 5.2. Кеңестің қызметін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді Кеңес хатшылығы жүргізеді. Кеңес хатшылығының функцияларын басшысы Кеңеске төрағалық ететін ТМД-ға қатысушы мемлекеттің мемлекеттік билік органы орындайды. Кеңеске төрағалық етуші мемлекеттің мемлекеттік билік орғанының өкілі Кеңес хатшылығының басшысы, ал ТМД-ның Атқарушы комитетінің өкілі хатшылық басшысының орынбасары болып табылады. ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Кеңестің және Кеңес хатшылығының функцияларын орындауда оларға қажетті жәрдем көрсетеді. 5.3. Кеңес жұмысының Регламенті Кеңестің отырысында бекітіледі. 5.4. Кеңестің отырыстары қажетіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі. 5.5. Кеңестің кезектен тыс отырысы Кеңеске қатысушы бір немесе бірнеше мемлекет өкілдерінің бастамасымен Кеңес мүшелерінің кем дегенде үштен бірінің келісімімен шақырылуы мүмкін. 5.6. Егер мүшелерінің жартысынан астамы отырысқа қатысқан болса, Кеңестің отырысы заңды болып табылады. 5.7. Кеңестің отырыстарына ТМД-ның мүдделі салалық ынтымақтастық органдарының, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылаушылар және сарапшылар ретінде шақырылуы мүмкін. 5.8. Кеңестің кезекті отырысын өткізу уақыты, орны және күн тәртібі оның алдыңғы өткен отырысында анықталады. Кеңестің кезекті отырысының күн тәртібі Кеңес мүшелерінің ұсыныстары ескеріле отырып, аталған отырысты дайындау кезінде нақтылануы мүмкін. Кеңестің кезектен тыс отырысының өткізілетін күні мен күн тәртібін мұндай «отырысты өткізуге бастамашы болған Кеңес мүшелерінің ұсыныстарына сәйкес Кеңес төрағасы айқындайды. 5.9. Кеңес отырысының күн тәртібі отырысқа қатысушыларға отырыс басталғанға дейін кемінде 30 күн бұрын жіберіледі. 5.10. Кеңес ұсынымдық сипаты бар шешімдер қабылдайды. 5.11.Кеңес әзірлеген құжаттардың жобалары мен рәсімдік мәселелер бойынша шешімдер дауыстардың қарапайым көпшілігімен қабылданады. Кеңестің кез келген мүшесі қаралатын мәселеде өз мемлекетінің қызығушылық танытпайтынын мәлімдеуге құқылы, бұл мұндай мәселе бойынша шешім қабылдау үшін кедергі болып табылмайды. 5.12. Кеңес отырысының қорытындылары Кеңестің төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. 5.13. Кеңес отырыстары хаттамаларының және басқа да құжаттардың түпнұсқалары ТМД-ның Атқарушы комитетінде сақталады. 5.14. Кеңес жыл сайын ТМД-ның Атқарушы комитетіне өзінің қызметі және кезекті жылға межеленген іс-шаралар туралы ақпарат береді.
6. Қорытынды ережелер
6.1. Кеңес отырыстарын өткізуді қаржыландыруға байланысты шығыстар ТМД-ға -қатысушы қабылдайтын мемлекеттің тиісті мемлекеттік билік органдарының есебінен жүзеге асырылады. 6.2. Кеңес мүшелерін, уәкілетті өкілдерді, сондай-ақ отырысқа қатысушыларды іссапарға жіберуге арналған шығыстарды ТМД-ға қатысушы жіберуші мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары мен ұйымдары жүзеге асырады. 6.3. Кеңестің жұмыс тілі орыс тілі болып табылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |