|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федеральдық Кеңесi
ҚР Үкіметінiң 1997 жылғы 9 мамырдағы № 937 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрi «Уағдаласушы Жақтар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федеральдық Кеңесi, екi елдiң экономикалық дамуы үшiн сыртқы сауда мен экономикалық ынтымақтастықтың әртүрлi формаларының ерекше маңызды екенiн түсiне отырып; 1975 жылғы 1-тамызда Хельсинкиде қол қойылған Европадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестiң /СБСЕ/ Қорытынды актiсiнiң және де СБСЕ-ның басқа да құжаттарының, атап айтқанда, жаңа Европаға арналған Париж хартиясының принциптерi мен шарттарына және Еуропадағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Бонн кеңесiнiң сәйкес сауда-экономикалық қатынастарын ұлғайтудың жолдары мен құралдарын iздестiруде ынтымақтастыққа әзiр екендiктерiн бiлдiре отырып; өздерiнiң арасындағы сауданы айтарлықтай және үйлесiмдi түрде дамыту және диверсификация үшiн және өзара мүдделiлiк туғызатын салалардағы сауда және экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесу үшiн қолайлы жағдайлар туғызуды көзделген тiлекпен; өздерiнiң қатынастарын дамыту мен тереңдете түсу мүмкiндiктерiн кез келген тиiстi фактор тұрғысынан қарастыруға және оларды осы келісімде көзделмеген салаларға дейiн кеңейтуге әзiр екендiктерiн жариялай отырып; заңдылықты, адам құқыларын, оның iшiнде азшылық қатарына жататын адамдар құқыларын сақтауға, негiзгi бостандықтарға және нарықтық экономикаға негiзделген плюралистiк демократия принциптерiн ұстанатын адам екендiктерiн тағы да қуаттай келiп; Өздерiнiң сауда қатынастарын тарифтер мен сауда жөніндегі Бас Келісімнiң /ГАТТ/ негiзгi принциптерiне сәйкес дамытуды ұйғарып; Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнiң /ГАТТ/ Уағдаласушы Жағы ретіндегі Швейцария Федеральдық Кеңесiнiң мәртебесiн /статусын/ және Қазақстан Республикасының ГАТТ шеңберiне байқаушы ретiнде қатысып отырғанын атап көрсете келiп; Жоғарыда баяндалғандарды негiзге алып, осы Келісімдi жасасуға ұйғарды:
Мақсат
1. Бұл Келісімнiң мақсаты мемлекеттер арасында тауарлармен сауда жасауды және экономикалық қатынастарды жүзеге асырудың құқылық негiзiн жасау болып табылады, Атап айтқанда, Уағдаласушы Жақтар тиiстi заңдар мен мiндеттемелер шеңберiнде өзара сауданы, сондай-ақ сауда және экономикалық ынтымақтастықтың әртүрлi формаларын үйлесiмдi дамытуға мiндеттенедi. 2. Уағдаласушы Жақтар СБСЕ белгiлеген принциптер осы Келісімнiң мақсаттарына жетудiң негiзi болып табылатынын мойындайды.
Уағдаласушы Жақтар принциптерiне сәйкес сауданы дамытуға, ұлғайтуға және диверсификациялауға, атап айтқанда, кемсiтпеу және өзара мүдделiлiк принциптерiне қатысты iстерге жәрдемдесу үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсайды.
3-бап
1. Уағдаласушы Жақтар тауарлар импортына немесе экспортына, ия болмаса соларға байланысты салынатын кез келген кедендiк баж салықтары мен алымдар жөнiнде, сондай-ақ импортталатын тауарлардан тiкелей немесе жанамалап алынатын салықтар немесе басқа да алымдар жөнiнде, сол сияқты мұндай алымдарды, салықтарды және баж салықтарын алудың әдiстерi жөнiнде және саудаға байланысты ережелер мен атқарылатын ресми iстер жөнiнде бiр-бiрiне мейлiнше қолайлы жағдай жасап берiп отыруға мiндеттенедi. 2. 1-параграф мына төмендегiдей мақсаттарды көздей отырып, қолайлы жағдайлар жасағанда Уағдаласушы Жақтың бiрi Уағдаласушы екiншi Жаққа қолайлығы басым жағдай жасауға мiндеттi деп түсiндiрiлмеуi тиiс: - тендер бойындағы сауданы дамытуға жәрдемдесу мақсатында; - ГАТТ-ың XXIV бабына сәйкес кедендiк одақ немесе еркiн сауда аймағын құру мақсатында немесе осындай одақ ия болмаса аймақ құрудың нәтижесiне байланысты; - ГАТТ-қа немесе басқа да халықаралық келісімдерге сәйкес дамушы елдерге қолайлы жағдай жасап беру мақсатында.
Егер осындай тауарларды үшiншi бiр елдермен импорттауға немесе сондай тауарларды үшiншi бiр елдерге экспорттауға тыйым салынбаған болса немесе оған шектеулер жасалмаса, ондай жағдайда Уағдаласушы екiншi Жақтың импорт немесе экспорт жасауына ешқандай да тыйым салынбайды немесе оған сан жағынан ешқандай шек қойылмайды, оның iшiнде лицензиялауда да сондай тәртiп қолданылады. Мұндай шараларды енгізушi Уағдаласушы Жақ ол шараларды енгiзгенде Уағдаласушы екiншi Жаққа келетiн нұсқаның мейлiнше аз болуына күш салуға мiндеттенедi.
Уағдаласушы Жақтардың бiрiнiң елiнен Уағдаласушы екiншi Жақтың территориясына импортталатын тауарларға қолданылатын режимнiң қолайлылығы iшкi салықтар мен басқа да iшкi алымдар жағынан және ол тауарларды iшкi рынокта өткiзуге, сату, сатып алу, тасымалдау, бөлiсу немесе пайдалану үшiн ұсынуға ықпал жасайтын барлық заңдар, ережелер және талаптар жағынан сол елдiң өзiнде қолданылатын режимнiң қолайлылығынан кем болмауға тиiс.
1. Егер дара келісім-шарттар жасасқан жақтар бұдан басқаша келісімге келмесе бұл елдер арасындағы тауарлармен сауда жасаудың және қызмет көрсетудiң төлемдерi еркiн конвертирленетiн валюта арқылы жүзеге асырылады. 2. Кез келген Уағдаласушы Жақтың территориясында жасалған дара келісім-шарттар жөнiнде қолданылатын режимнiң қолайлылығы еркiн конвертирленетiн валютаға не қолайлы болу жағынан кез келген үшiншi бiр мемлекеттiң территориясында жасалған дара келісім-шарттарға қолданылатын режимнiң қолайлылығынан кем болмауға тиiс.
7-бап
1. Дара келісім-шарт жасасқан жақтар арасында тауарлармен сауда жасау рыноктағы бағалар бойынша жүгiзiледi. Атап айтқанда, мемлекеттік агенттiктер мен мемлекеттік кәсiпорындар кез келген импорттық тауарларды тек қана сауда-саттық оймен, оның iшiнде тауарлардың бағасын, сапасын және санын есептей отырып сатып алады немесе оларды экспортқа сатады. Олар сауданың жалпы жұрт жағынан практикасына сәйкес Уағдаласушы екiншi Жақтың кәсiпорындарының бәсекелестiк негiзде осындай келісім-шарттар жасауға қатысуына тең мүмкiндiк беруге мiндеттенедi. 2. Уағдаласушы Жақтардың бiр де бiрi дара келісім жасаған жақтардан бартерлiк немесе алыс-берiстiк сауда келісімдерiн жасаумен шұғылдануды талап етпейдi немесе ол жақтарды осындай iспен айналысуға итермелейдi.
Уағдаласушы Жақтар өздерiнiң жалпы сауда қызметiне байланысты заңдарын, ережелерiн, сот шешiмдерiн және әкiмшiлiк қаулыларын бiр-бiрiне берiп, өздерiнiң тарифтiк және статистикалық номенклатурасындағы кез келген өзгерістер жөнiнде бiр бiрiне хабардар етiп отыруға мiндеттенедi.
9-бап
1. Егер қандай да бiр өнiм Уағдаласушы Жақтардың бiрiнiң территориясына сол елдiң өзiнiң осындай өнiм немесе онымен тiкелей бәсекелес өнiм өндiрушiлерiне зиян келтiрген немесе зиян келтiретiндей қауiптi өскелең мөлшерде немесе сондай шарттар негiзiнде импортталып жатса, Уағдаласушы Жақтар бiр-бiрiмен консультация алысып, ақылдасады. 2. 1-параграфқа сәйкес сұрастырылатын консультациялар өзара қанағаттандырарлық шешiмдердi iздестiру мақсатымен өткiзiледi; егер Уағдаласушы Жақтар басқа бiр шешiм қабылдамаса, бiр консультациялар мүдделi Уағдаласушы Жақтың өтiнiшi туралы хабардар етiлген күннен бастап 30 күннен кешiктiрiлмей аяқталуға тиiс. 3. Егер Уағдаласушы Жақтар 1-және 2-параграфтарға сәйкес iс-қимыл жасау үстiнде келісімге келе алмаса, онда нұқсанға ұшыраған Уағдаласушы Жақтың тиiстi өнiмнiң импортын зиянға жол бермеу немесе зиянның есесiн қайтару үшiн қажеттi болатындай тиiстi дәрежеде немесе сондай мерзiмге шектеуге құқысы болады. Мұндай жағдайда Уағдаласушы екiншi Жақтың Бiрлескен комитеттегi консультациялардан кейiн де осы Келісімге байланысты өз мiндеттемелерiнен ауытқып шығуға құқысы болады. 4. 3-параграфқа сәйкес шараларды таңдау кезiнде Уағдаласушы Жақтар бiрiншi кезекте осы Келісімдi орындау барысында мейлiнше аз нұқсан келтiретiн шараларды қарастырады.
1. Интеллектуалдық меншiктің сауда және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу iсіндегі маңызын қарастырғанда Уағдаласушы Жақтардың өз заңдары интеллектуалдық меншiктiң құқыларын толық және пәрмендi қорғауды, атап айтқанда авторлық құқыны және онымен байланысты құқыларды, сауда белгiлерiн, географиялық белгiлердi, технологияның барлық салаларындағы патенттердi, өнеркәсiптiк талдамаларды, интегральды схемалардың топографиясын және ноу-хау жөніндегі құпия ақпаратты тең және пәрмендi қорғауды қамтамасыз етедi. Егер қандай да бiр Уағдаласушы Жақтың iшкi заңдары мұндай қорғауды белгiлеген болса, онда Уағдаласушы бұл Жақ мүмкiндiгiнше тез арада бiрақ осы Келісім күшiне енгеннен кейiнгi бес жылдан кешiктiрмей өзiнiң заңдарына тиiстi ережелер енгiзедi. Атап айтқанда, Уағдаласушы Жақтар мына төменде аталған көп жақты конвенцияларды орындау үшiн барлық шараларды қолданады: а/ өнеркәсiптiк меншiктi қорғау туралы 1883 жылғы 20 наурыздағы Париж конвенциясы /1967 жылғы Стокгольм Актiсi/; б/ әдеби және көркем суреткерлiк жұмыстарды қорғау туралы 1886 жылғы 9 қыркүйектегi Берн конвенциясы /1971 жылғы Париж Актiсi/; в/ фонограммалардың және радиохабар тарату ұйымдарының орындаушыларын, өндiрушiлерiн қорғау туралы 1961 жылғы 26 қазандағы халықаралық конвенция /Рим конвенциясы/. Бұдан зоры, олар осы конвенциялардың, сондай-ақ интеллектуалдық меншiк құқыларын қорғау саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесетiн көп жақты келісімдердiң орындалуы үшiн мүмкiн болғанның бәрiн iстейдi. 2. Уағдаласушы Жақтар интеллектуалдық меншiк құқыларына нұқсан келтiруге қарсы, атап айтқанда, алдамыш көшiрме жасауға және авторлық құқықты бұзуға қарсы қолданылатын күштеу шараларының кемсiтпейтiн, адал және әдiлеттi шаралар болатынына кепiлдiк бередi. Бұлар қажетсiз күрделi және қымбатқа түсетiн немесе уақыттың орынсыз шектелуiне ия болмаса дәлелсiз кешiктiрiлуiне әкелiп соқтырмайтын шаралар болуы тиiс. Бұл, атап айтқанда, соттардың тыйым салу шараларына, құқық иесiнiң ұшыраған зиянының есесiн қайтару үшiн оған тең өтемдер төлеу туралы шешiмдерге, сондай-ақ уақытша шараларға қатысты. 3. Уағдаласушы Жақтар үйлесiмдi ету жөніндегі келісімнiң күшiне сәйкес немесе интеллектуалдық меншiк құқыларын қорғау саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесетiн заңдарды немесе келісімдi өзара мойындауға байланысты басқа мемлекеттердiң азаматтарына берiлген артықшылықтар жөнiнде ағат пiкiрден аулақ бола отырып, Уағдаласушы екiншi Жақтың азаматтарына қолайлы жағдай режимiн жасайды; ол қандай да бiр үшiншi елдердiң азаматтарына жасалған қолайлылық режимiнен кем болмауға тиiс.
1. Мұндай шаралар Уағдаласушы Жақтар арасындағы сауданы өз еркiнше кемсiтудiң немесе жымысқы түрде шектеудiң құралы болмауға тиiс екендiгi туралы талапқа сәйкес бұл Келісім Уағдаласушы Жақтардың әрқайсысының: - қоғамдық моральға; - адамдардың, жануарлардың және өсiмдiктердiң өмiрi мен тiршiлiгiн және денсаулығын қорғауға және де айналадағы ортаны қорғауға; - интеллектуалдық меншiктi қорғауға; - немесе ГАТТ-ың ХХ-бабына сәйкес қандай да бiр басқа шараларға негiзделген дәлелдi шаралар қабылдауын жоққа шығармайды. 2. Бұл Келісім Уағдаласушы Жақтардың бiр де бiрiнiң ГАТТ-ың ХХI бабы ережелерi негiзiнде дәлелдi болатын қандай да болсын iс-қимыл жасау құқысына шек қоймайды.
12-бап
1. Уағдаласушы Жақтар өздерiнiң бiреуiнiң өтiнiшi бойынша осы Келісімнiң ережелерiн қайта қарауға келiседi. Мұндай қайта қарау, атап айтқанда, қорғау дәрежесiн одан әрi жақсарту және интеллектуалдық меншiк құқыларын жүзеге асырудан саудада туған қиғаштықтарды жою немесе түзету мақсатымен интеллектуальдық меншiк құқыларын қорғау туралы ережелерге қатысты болуы мүмкiн. 2. Уағдаласушы Жақтар осы Келісім бойынша белгiленген қатынастарын дамытып тереңдете түсуге және оларды осындай көзделмеген қызмет көрсету және инвестициялау сияқты салаларға дейiн кеңейтуге өздерiнiң әзiр екендiктерiн мәлiмдейдi. Уағдаласушы Жақтың әрқайсысы бiрлескен комитетте қарау үшiн осы мәселе бойынша дәлелдi өтiнiмдер бере алады.
13-бап
1. Уағдаласушы Жақтар өзара мүдде туғызатын салалардағы экономикалық ынтымақтастықты ынталандырып демеп отыру үшiн күш-жiгер жұмсайды. 2. Мұндай ынтымақтастықтың мақсаттары басқаларын қоса алғанда мына төмендегiлер болып табылады: - мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және диверсификациялау; - экономиканы дамытуға жәрдемдесу; - берудiң жаңа көздерiн және жаңа рыноктарды ашу; - бiрлескен кәсiпорындарға, лицензиялық келісімдерге және осы сияқты ынтымақтастық формаларына көрсету мақсатымен экономикалық сектор жетекшiлерi арасындағы ынтымақтастықты ынталандырып отыру; - экономикадағы құрылымдық өзгерістердi тереңдетiп, сауда саясаты мәселелерiнде Қазақстан Республикасына қолдау көрсету; - шағын және орташа кәсiпорындардың саудаға және ынтымақтастыққа қатысуын ынталандырып отыру; - интеллектуалдық меншiк саласындағы ынтымақтастықты, айта кетсек, Уағдаласушы Жақтардың тиiстi, өкiмет органдары арасындағы техникалық көмектiң қолайлы болатын формаларын белгiлеу жолымен дамыту және тереңдету, және осы мақсатта өзiнiң күш-жiгерiн тиiстi халықаралық ұйымдармен үйлестiрiп отыру.
1. Бiрлескен комитет осы Келісімнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатымен құрылады. Комитет Уағдаласушы Жақтардың өкiлдерiнен құрылады және өзара Келісім бойынша iс-қимыл жасайды. Комитеттiң мәжілістерi қажетiне қарай әдетте жылына бiр рет кезектесiп Қазақстан Республикасында және Швейцарияда өткiзiледi. Комитеттi мәжіліс өткiзетiн Уағдаласушы Жақтың өкiлi басқарады. 2. Бiрлескен Комитет атап айтқанда: - осы Келісімнiң орындалуын, атап айтқанда, оның ережелерiнiң түсiндiрiлуi мен қолданылуын және оның қолданылу саласының кеңейтiлу мүмкiндiктерiн бақылайды; - Уағдаласушы Жақтардың территориясында құрылған фирмалар арасындағы тiкелей байланыстарды дамытуға арналған жағдайларды жақсарту тәсiлдерiн зерттеп отырады; - Уағдаласушы елдер арасындағы проблемаларды шешу мақсатымен консультациялар өткiзуге арналған форум қызметiн атқарады; - Уағдаласушы елдер арасындағы саудамен байланысты және оған ықпал ететiн мәселелердi қарайды; - Уағдаласушы елдер арасындағы сауда мен ынтымақтастықтың даму барысын байқап отырады; - саудаға қатысты ақпараттар мен болжамдар, сондай-ақ 8-бапқа сәйкес (ақпаратты еркiн алу) ақпараттар алмасуды жүзеге асырады; - 9-бапқа (рыноктағы тепе-теңдiктiң бұзылуы) сәйкес консультациялар өткiзiлу үшiн форум қызметiн атқарады; - интеллектуалдық меншiк құқылары саласындағы екi жақты мәселелерге және халықаралық талдамаларға қатысты консультациялар өткiзуге арналған форум қызметiн атқарады; мұндай консультациялар сонымен қатар Уағдаласушы Жақтардың мамандары арасында да өткiзiлiне алады; - жаңа жағдайларды ескеру мақсатында осы Келісімге арналған түзетулердi, сондай-ақ 12-бапқа (қайта қарау және кеңейту) сәйкес осы Келісімнiң iс-қимылына және қолданылу аясының кеңейтiлуiне байланысты ұсыныстарды әзiрлеп Уағдаласушы Жақтардың өкiмет органдарының қарауына ұсынады; - 13-бапқа сәйкес экономикалық ынтымақтастықты дамытады.
Лихтенштейн елi әзiрге кедендiк одақ туралы шарт бойынша Швейцария Федеральдық Кеңесi мен байланысты болып отырғанда осы Келісімнiң күшi Лихтенштейн Князьдiгiнiң территориясында да қолданылады.
Бұл Келісім екi жақ бiр-бiрiн осы келісімдi күшiне енгізу жөніндегі өздерiнiң конституциялық немесе басқа заңдық талаптарды орындағаны туралы дипломатиялық жолмен хабардар еткен айдан кейiнгi келесi айдың бiрiншi күнi күшiне енедi.
Бұл Келісім Уағдаласушы Жақтардың бiрi Уағдаласушы екiншi Жақтан келісімнiң күшiн жоятыны туралы жазбаша хабар алғанға дейiн күшiнде қала бередi. Ондай жағдайда Келісімнiң қолданылуы Уағдаласушы екiншi Жақтың жазбаша хабары алынған күннен бастап 6 айдан кейiн тоқтатылады. Бұл Келісімнiң қолданылуын тоқтату осы келісім қолданылған кезде экономикалық қызмет субъектiлерi арасында жасалған келісім-шарттардан туындайтын мiндеттердiң орындалуы үшiн атқарылатын жауапкершiлiктi жоймайды. Бұл Келісімге мұны куәландырып төменде қолдарын қойған, бұл мақсат үшiн тиiсiнше өкiлдiк алған өкiлеттi өкiлдер қол қойды.
1994 жылғы 12 мамырда Алматы қаласында қазақ, француз және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқалық дана етiп жасалды. Әртүрлi түсiнiк туа қалған жағдайда ағылшын тiліндегі мәтiндi басшылыққа алу қажет.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |