Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 292-ө-м бұйрығына 1-қосымша
Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және рәсімдеу жөніндегі
Салалық біліктілік шеңберін әзірлеу және рәсімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - әдістемелік ұсынымдар) салалық біліктілік шеңберінің (бұдан әрі - СБШ) макетіне (әдістемелік ұсынымдарға қосымша) сәйкес СБШ әдістемесін қамтиды. Әдістемелік ұсынымдар СБШ әзірлеудің тағайындалуын, мақсатын, принциптерін, негізгі көрсеткіштер (дескрипторлар) арқылы біліктілік деңгейінің сипатталуын айқындайды. СБШ саладағы қызметкерлердің құзыреттілігін, шеберлігін, дағдылары мен білімін тәртіпке келтіретін Ұлттық біліктілік жүйесі элементтерінің бірі болып табылады. СБШ салалық мақсаттар, міндеттер мен технологияларды есепке ала отырып, қызметкердің құзыреттілігіне қойылатын ҰБШ талаптарын нақтылайды. СБШ-да сипатталған біліктілік деңгейлері кәсіби стандарттарды әзірлеу кезінде қолданылады. СБШ тиісті кәсіби қоғамдастықтың ауқымды қатысуымен әзірленеді. СБШ әзірлеу әдістемесі қолдану саласын, саланың нормативтік актілерін, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін сипаттауды көздейді. Осы әдістемелік ұсынымдарда мынадай терминдер мен анықтауыштар қолданылады: Ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) - еңбек нарығында танылған біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаты; Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) - салада танылған біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаты; Кәсіби қызмет саласы - жалпы интеграциялық негізі бар (ұқсас немесе жақын) саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы; Кәсіби стандарт - кәсіби қызметтің нақты саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт; Кәсіп - арнайы дайындық пен жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|