«Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын ашу және жабу ережелерін бекіту туралы» Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 283-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын ашу және жабу ережелерін бекіту туралы» Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 283-І бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 27 шілдеде № 2969 тіркелді, «Заң газеті» 2005 жылғы 16 тамыз, № 85 (709)) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың атауын келесі мазмұнда жазылсын: «Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын, разъездерін ашу және жабу ережелерін бекіту туралы»; көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы келесі мазмұнда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын, разъездерін ашу және жабу ережелері бекітілсін.»; Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын, разъездерін ашу және жабу ережесін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Р.Қ. Мағзұмов) осы бұйрықтың: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдарының интранет-порталында (МОИП) орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2013 жылғы 6 тамыздағы № 607 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|