Жоба 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 16 шілдедегі № 729 Қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын ЕурАзЭҚ шеңберіндегі Кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері, 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 3-бабына сәйкес, төмендегілер туралы келісті:
Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) атауы «аз дамыған» деген сөздерден кейін «, Кеден одағы тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы» деген сөздермен толықтырылсын; 2) кіріспенің бірінші абзацындағы «Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағына (бұдан әрі - Кеден одағы) мүше мемлекеттердің үкіметтері» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында оларда әкелу кезінде тарифтік преференциялар ұсынылатын дамушы және аз дамыған Кеден одағы тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы елдерден шығарылған тауарларға қатысты осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайтын қосымшаға сәйкес Тауарлардың дамушы және аз дамыған Кеден одағы тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы елдерден шығарылғанын айқындау қағидалары қолданылады.»; 4) Келісімге «Дамушы және аз дамыған елдерден тауарлардың шығарылғанын айқындау ережесі» деген қосымша осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты тараптар арасындағы даулар Келісімде белгіленген тәртіппен шешіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|