«Қазақстан Республикасы көлік-коммуникациялар кешенінің Ақпараттық-презентация орталығы мемлекеттік мекемесін» қайта ұйымдастыру туралы (1999.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 26.07.99 ж. № 1061 қаулысымен атауы жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері» туралы 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысының 5-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 26.07.99 ж. № 1061 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Мына мемлекеттік мекеме: 1) 2) «Қазақстан Республикасы көлік-коммуникация кешенінің Ақпараттық-презентация орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақпараттық-презентациялық орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. ҚР Үкіметінің 26.07.99 ж. № 1061 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Кәсіпорынды уәкілетті мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін. ҚР Үкіметінің 26.07.99 ж. № 1061 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі: 1) Кәсіпорынның жарғысы бекітілсін, оның қызметінің негізгі түрлері мыналар деп көзделсін: магистральды көлік, жол шаруашылығы телекоммуникациялық байланыс және почта аясындағы қызметтерді жүзеге асыру. 2) заңдарда белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі» деген тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі»; мынадай мазмұндағы тараумен, жолдармен және 60-1, 60-2 реттік нөмірлермен толықтырылсын: «Әуе көлігі 60-1 Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мемлекеттік авиациялық регистр» (Мемавиарегистр), Алматы қаласы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны; 60-2 Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақпараттық-презентациялық орталық» Астана қаласы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны». 5. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы көлік-коммуникация кешенінің Ақпараттық-презентация орталығы туралы» 1997 жылғы 26 маусымдағы № 1019 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 29, 257-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі № 651 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 22, 190-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы; 3) «Қазақстан Республикасының Азаматтық және эксперименттік авиация әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі мемлекеттік авиациялық инспекциясы (Мемавиақадағалау) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациялық регистрі (Мемавиарегистр) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы № 31 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 9-құжат) күшін жойған деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |