|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекеттiң үлестiк қатысуымен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу жүйесiнiң тұтастығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншiк жөніндегі деректердiң ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 9, 61-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердiң, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi туралы ережеде: мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Тiзілім ұстаушы мемлекетке тиесілi бағалы қағаздардың бастапқы ұстаушысы болып табылады.»; 3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас есептеу орталығы» және «Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 9 шiлдедегi № 951 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 34, 303-құжат): атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта атау туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) «Қаржы жүйелерiн ақпараттандыру орталығы» (ҚЖАО) (шаруашылық жүргiзу құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын»; 2-тармақта: 1) тармақшадағы «Кәсiпорындардың жарғыларына» деген сөздер «Кәсiпорынның жарғысына» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «Кәсiпорындарды» деген сөз «Кәсiпорынды» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |