«Кеден қызметiнiң ақпараттық жүйелер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кеден органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн өңдеу мен берудi, оларды есепке алуды, сондай-ақ кеден органдарының сыртқы экономикалық қызметтiң статистикасын толық және тұтас қалыптастыруын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Оның негiзгi мақсаты - кеден декларацияларының электронды көшiрмелерiн ғылыми-талдамалық өңдеу деп белгiлей отырып, шаруашылық жүргiзу құқығымен «Кеден қызметiнiң ақпараттық жүйелер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын және оның жарғысы бекітілсiн. 2. Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) белгiленсiн. 3. Уәкiлеттi орган осы қаулының 1-тармағы негiзiнде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Кәсiпорынның құрылтайшылық құжаттарын тiркеу кезiнде оның қызметiнiң аясын белгiлесiн. 4. Уәкiлеттi орган бiр айлық мерзiмде заңда белгiленген тәртiппен «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес құпия және өзге де ақпаратты алудың, өңдеудiң, сақтаудың және берудiң тәртібін бекiтсiн. 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі, Уәкiлеттi орган және Кәсiпорын Кәсiпорынның мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап бiр апталық мерзiмде жасалған шарттарға сәйкес жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етулер және кеден органдарын ақпараттандыру жобасы бойынша есептеулердi беру туралы «Акцепт «корпорациясы» жабық акционерлік қоғамымен заңнамада белгiленген тәртiппен шарттар жасассын. 6. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттiгi заңда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның қызметтерiне бағаларды келiссiн. 7. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 516-жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi 516. «Кеден қызметiнiң ақпараттық жүйелер ор- талығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығымен) Астана қаласы». 8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|