Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы (2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналар қайта құру жолымен: Бiлiм және ғылым министрлігінiң «Күләш Байсейiтова атындағы республикалық музыкалық колледжi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны - «Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме); Бiлiм және ғылым министрлігінiң «Жетiлуiнде проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны - «Жетiлуiнде проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Рсспубликасының Қаржы министрлігі 2000 жылға арналған республикалық бюджетте 31 «Дарынды балаларды мемлекеттік қолдау» бағдарламасының 36 «Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» кiшi бағдарламасы бойынша және 44 «Арнайы білім бағдарламаларын жүзеге асыру» бағдарламасының 30 «Жетiлуiнде проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы» кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде мекемелердiң қаржыландырылуын белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн; 2) мекемелердiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі» бөлiмiнде реттiк нөмiрлерi 9-40, 9-46-жолдары алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» бөлiмiнде реттiк нөмiрi 409-3 «Қазақтелерадиосы» теледидар, радиохабар және радиобайланыс республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны» жолында «409-3» саны «409-4» санымен ауыстырылсын. 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының
|