Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 403 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес, этносаралық қатынастарды мақсатты және жүйелі түрде зерттеу бойынша қажетті ұйымдастыру-құқықтық жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетін дамыту және өркендету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым және мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40 мекен-жайында орналасқан «Достық үйінің» ғимаратын ондағы мүлікпен қоса кәсіпорынның жарғылық капиталына берсін. 5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін; 2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 415-32-жолмен толықтырылсын: «415-32 «Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы»; 2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Өзге де ұйымдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 48-жолмен толықтырылсын: «48. Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны». 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|