Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесін бекіту туралы
ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесі бекітілсін. 2. «Біліктілік емтиханын қабылдау және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық беретін сот сарапшысының біліктілік куәлігін беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 113 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6837 тіркелген, 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 134-137 (26539) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 288 бұйрығымен бекітілген
Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот ережесі
1. Осы Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 20 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|