«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 36 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6774 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2011 ж. 15 маусымда № 3) мынадай өзгеріс енгізілсін: Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева): 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|