Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 477 Қаулысымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 1146 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидалары
1. Осы Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары қабылдаған нормативтік құқықтық актілер бойынша олардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі тәртібін айқындайды. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді. 4. Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу және жүйелендіру заңнаманың қолжетімділігін, оны пайдалану ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|