«Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 156 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 171 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7186 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 15 қазанда № 497-500 (26892) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген өндіріс паспортының, оны бекіту үшін мәліметтер енетін нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (Қ.С. Құлмырзин) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы Ә. Смайылов 2013 жылғы 27 қыркүйек
Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 174 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 156 бұйрығымен бекітілген
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасының мұнай өңдейтін зауыттарының
Есептік кезең 20___ ж.
СТМ / ЖСН _____________ Индексі: № КМӨЗӨП-1 Нысан Мерзімділігі: үш жылда бір рет Ұсынатындар: Қазақстан Республикасының мұнай өңдейтін зауыттары Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|