Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы (2012.07.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темір жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiліп отырған Тасымалдаушының әлеуметтік мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысымен бекітілген
Тасымалдаушының әлеуметтiк мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Темір жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялаудың тәртібі мен шарттарын (бұдан әрi - субсидиялау) айқындайды. 2. Әлеуметтік мәнi бар қатынастар (бұдан әрi - қатынастар) бойынша жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі конкурстың (бұдан әрi - конкурс) нәтижелерi бойынша анықталған тасымалдаушының залалдары субсидиялауға жатады. 3. Конкурсты өткiзудi ұйымдастырушылар: 1) облысаралық қатынастар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестірудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкiлетті орган); 2) ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға тиiстi облыстардың әкiмдiктерi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар (бұдан әрi атқарушы органдар). 2. Субсидиялар мөлшерін анықтау тәртібі
4. Облысаралық қатынастарды уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарды жергілiкті өкiлеттi және атқарушы органдар анықтайды. ҚР Үкіметінің 2005.22.12. № 1272 (бұр.ред.қара); 2009.11.09. № 1350 (бұр.ред.қара); 2010.19.10. № 1076 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді 5. Тасымалдаушының тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, облысаралық қатынастардағы тасымалды жүзеге асыруға байланысты залалдары тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегiнде субсидияланады. Тасымалдаушының ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастардағы тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты залалдары тиiстi жергiлiктi бюджеттерде көзделген сомалар шегiнде субсидияланады. Жолаушылар тасымалдауды қатынастар бойынша ұйымдастыруға арналған субсидиялардың жалпы сомасы, әлеуметтік мәнi бар қатынастар тiзбесiн және осы Ереженiң 6-тармағында көрсетілген өндiрiстiк көрсеткiштер негiзiнде магистральдық темір жол желiсiнiң қызмет көрсетулерi тарифтерiнiң деңгейiн есепке ала отырып, жыл сайын тиiстi бюджетте көзделедi. Табиғи монополия саласында бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлетті орган жыл сайын, белгіленген тәртiппен жолаушылар тасымалдауды қатынастар бойынша жүзеге асыратын тасымалдаушылар үшiн тиiстi жылға субсидиялауға көзделген бюджеттік қаражаттарды есепке ала отырып, магистральдық темір жол желiсiнiң қызмет көрсетулерiнiң тарифтерiне (бағаларына, ставкаларына, алымдарына) уақытша төмендету коэффициентiн бекiтедi. Поездардың тізбесі, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың саны, олардың әлеуметтік мәні бар қатынастарда қатынау кезеңділігі, осы поездардың, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың субсидияланатын бөлігінің құрамдылығы уәкілетті және атқарушы органдар жыл сайын өткізетін Қазақстан Республикасындағы жолаушылар тасымалдауды талдаудың негізінде белгіленеді. Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар поездарының құрамында тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың, вагон-мейрамханалардың және багаждық вагондардың қатынастарын заңнамаға сәйкес қамтамасыз ететін тасымалдаушыларға табиғи монополиялар саласындағы бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган жыл сайын белгіленген тәртіппен осы вагондардың жүрісі үшін магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, ставкаларға, алымдарға) уақытша төмендету коэффициентін белгілейді. ҚР Үкіметінің 2010.19.10. № 1076 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджеттің шығыс бөлiгiне енгізу үшін субсидиялар мөлшерiн есептеу әр жолаушы поезы бойынша тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, мынадай өндiрiстiк көрсеткiштер негiзiнде жүргізiледi: 1) жолаушы айналымы: тасымалданатын жолаушылар саны; жол жүрудiң орташа қашықтығы; 2) вагон айналымы (вагондардың жүрген жолы): бағыттардың қашықтығы; поездың субсидияланатын бөлігінiң құрамдылығы тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондар саны және қатынау жиiлiгi; 3) вагондардың сыйымдылығы; 4) бір жолаушы-километрдiң өзiндiк құны; 5) бір жолаушы-километрдiң кiрiс ставкасы; 6) бағыт шығыстары; тасымалдаушының пайдалану шығыстары; магистральдық темір жол желiсiнiң қызмет көрсетулерi үшiн төлем; локомотивтiк тарту қызметiн көрсетулерi үшiн төлем; 7) бағыт кiрiстерi. ҚР Үкіметінің 2006.03.03. № 147 (бұр.ред.қара); 2009.11.09. № 1350 (бұр.ред.қара); 2010.19.10. № 1076 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді 7. Тиiстi бюджеттік бағдарламада көзделген соманың шегiнде қатынастар бойынша темір жол көлiгімен мынадай вагон санаттарында жалпы, плацкарт, купе, дизель және электр поездарының вагондары, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондар, сондай-ақ мемлекеттік кепiлдiкпен мемлекеттік емес қарыз есебінен сатып алынған вагондарда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының нақты залалдары субсидиялауға жатады. Субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарды қалыптастыру кезінде тасымалдаушылардың осы Ережеге 4-қосымшада көрсетілген шығыстары ескерілмейді. ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Конкурсқа қойылатын қатынастар бойынша билеттер бағалары көтерілуінің шектi деңгейiн уәкілеттi орган (атқарушы орган) белгілейдi. ҚР Үкіметінің 2010.19.10. № 1076 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті өкілді және атқарушы органдар айқындаған қатынастар негізінде уәкілетті және атқарушы органдар лоттарды қалыптастырады. Осы лоттар бойынша конкурстар оларды өткізу тәртібі мен мерзімдерін белгілейтін уәкілетті және атқарушы органдардың актілеріне сәйкес өткізіледі. ҚР Үкіметінің 2010.19.10. № 1076 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Субсидиялардың ең аз көлемiн ұсынатын және уәкiлетті орган белгiлеген мiндетті қызметтердiң тiзбесiмен қоса әлеуметтік мәні бар қатынастарда тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, тасымалдауды үздiксiз жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндеттенетін тасымалдаушы жеңген болып танылады. ҚР Үкіметінің 2008.30.12. № 1302 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді 11. Конкурстық комиссия конкурсты өтпеген деп таныған жағдайда конкурстық комиссия комиссия: ҚР Үкіметінің 2008.30.12. № 1302 Қаулысымен 1) тармақшамен толықтырылды 1) конкурсты қайтадан өткізу туралы шешім қабылдайды; ҚР Үкіметінің 2008.30.12. № 1302 Қаулысымен 2) тармақшамен толықтырылды 2) конкурсқа қатысуға тек қана бір әлеуетті өнім беруші жіберілген жағдайда, онымен Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы шарттар жасасады. Жасалған Шарттың бағасы бөлінген субсидиялардың сомасынан аспауға тиіс. ҚР Үкіметінің 2008.30.12. № 1302 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Егер конкурстың нәтижелері бойынша тасымалдаушы анықталмаса, онда уәкілетті орган (атқарушы орган) осы Ережеге сәйкес есептелген субсидиялар сомасына Жолаушылар, жүк, жүк-багаждың және почта жөнелтілімдерiнiң ұлттық тасымалдаушысымен қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға шарт жасасады. ҚР Үкіметінің 2010.19.10. № 1076 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 13. Конкурс жеңiмпазы мен уәкiлетті орган (атқарушы орган) арасында уәкілетті орган (атқарушы орган) бекiткен нысан бойынша жасалған, онда негізгi шарттар, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, өткiзiлген конкурстардың нәтижелері бойынша тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, белгiленген мөлшерде субсидияларды төлеу тәртібi мен мерзiмдерi белгiленген тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша тасымалды жүзеге асыруға байланысты залалдарын субсидиялау туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасалады. ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 қаулыcымен 13-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.26.05. № 477 Қаулысымен 13-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.19.10. № 1076 қаулысымен 13-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13-1. Ағымдагы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде тасымалдаудың маусымдылығына және поездардың, тіркелмелі және тоқтамайтын вагондардың қозғалыс кестесінің өзгеруіне, сондай-ақ жолаушылар ағынына байланысты тараптардың өзара келісуі бойынша шартқа қосымша келісім жасау арқылы поездардың құрамдылығына, тіркелмелі және тоқтамайтын вагондардың санына және қатынау кезеңділігіне сәйкес субсидиялар сомасын қайта қарауға жол беріледі. ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Шарт үш жылға дейін мерзімін ұзарту құқығымен 1 жылдық мерзiмге жасалады және келесi күнтiзбелiк жылдың 1-шi қаңтарынан бастап күшiне енедi. ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 14-1-тармақпен толықтырылды 14-1. Шарттың қолданылу мерзімі тиісті бюджетте көзделген субсидиялар көлемінен аспайтын көлемде тендер шарттары орындалған және міндетті сақталған жағдайда келесі қаржы жылына ұзартылады.
3. Тасымалдаушының әлеуметтiк мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдары бойынша субсидияларды төлеу тәртiбі мен шарттары
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу тиісті қаржы жылына арналған стратегиялық жоспарға және төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1560 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16. Бір облыс ішіндегі қалааралық және ауданаралық қатынастар бойынша жергілікті бюджеттен субсидияларды төлеу төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2005.22.12. № 1272 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 17. Субсидияларды төлеу нақты жүзеге асырылған және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есеппен және осы Ережеге 1-1 және 2-қосымшаларға сәйкес ресiмделген, орындалған жұмыстар актісімен расталған тасымалдар бойынша ай сайын жүргізіледі. 18. Шартта конкурс жеңiмпазы ұсынған субсидияның айлық сомасының 30 пайызына дейiнгі мөлшерде алдын ала төлеу көзделуi мүмкiн. ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 қаулыcымен (бұр.ред.қара); 2010.19.10. № 1076 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.07.12. № 1560 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 19-тармақ өзгертілді 19. Тасымалдаушы ай сайын, есептіден кейiнгi айдың 25-шi күнiне дейiнгі мерзiмде ұйымның басшысымен, бас бухгалтерiмен және мөрiмен куәландырылған мынадай құжаттарды уәкілетті органға (атқарушы органға) ұсынады: ҚР Үкіметінің 2005.22.12. № 1272 Қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) осы Ережеге 1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есепті және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалын орындау туралы есепті; 2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актiсi; ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) қатынас бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және осы поезда тасымалданған жолаушылар, үлгілері бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, вагондардың толымдығы тіркелмелі және тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, туралы мәліметтерді қамтитын магистральдық темір жол желісі операторының құжаты; ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) тасымалдаушы мен магистральдық темір жол желісі, локомотивтік тарту операторы арасындағы есептіден кейінгі айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі; ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) осы Ережеге 1-2, 1-3-қосымшаларға сәйкес темір жол жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі шығыстар мен кірістер бойынша ай сайынғы есептер; ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 6) тармақшамен толықтырылды 6) осы Ережеге 1-4-қосымшаға сәйкес тасымалдаушының темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөніндегі тікелей шығыстарының тізілімі; 7) тиісті ұйымнан жол жүру құжаттарын сатудан түсетін түсімдер бойынша салыстыру актісі; 8) осы тармақтың 1), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда қамтылған көрсеткіштер есебін түсіндіретін есепке түсіндірме жазба. 20. Уәкiлеттi орган (атқарушы орган) орындалған жұмыстар актiсiн қабылдағаннан кейiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң аумақтық қазынашылық органына осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес субсидияланатын бағыттардың тiзiлiмдерiн және төлеуге арналған шоттарды ұсынады. ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 21-тармақпен толықтырылды 21. Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылар бағыттар бөлінісінде кірістердің, шығындардың және іске тартылған активтердің жеке есебін жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2005.22.12. № 1272 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесіне 1-қосымша Жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есеп (ай сайын)
Тасымалдаушы Бас бухгалтер М.о.
ҚР Үкіметінің 2005.22.12. № 1272 Қаулысымен 1-1 қосымшамен толықтырылды
мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесіне 1-1 қосымша
Жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп 200__жылдың_________ (жыл басынан бастап)
кестенің жалғасы
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 қаулыcымен 1-2-қосымшамен толықтырылды
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесіне 1-2-қосымша
Темір жолмен жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі кірістер бойынша
20 __ жылғы ____________________ есеп
кестенің жалғасы
Ескертпе: 1) Қазақстан аумағында әлеуметтік мәні бар вагодар бойынша шығыстар, барлығы ______________________ мың теңге 2) Әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша кірістер (билеттер, төсек-орын, шай сатудан, басқа да тасымалдаушыларға қызмет көрсетуден) __________________ мың теңге 3) Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша кірістер, барлығы ____________ мың теңге 4) Шығыстар мен кірістер арасындағы айырма {әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша) ____________ мың теңге
Басшы __________________ Бас бухгалтер ______________ Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә. қолы
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 қаулыcымен 1-3-қосымшамен толықтырылды Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау 1-3-қосымша Темір жолмен жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі шығыстар бойынша 20 __ жылғы ______________ есеп
Ескертпе: 1) Әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша шығыстар, барлығы _____________________ мың теңге 2) Қазақстан аумағындағы әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша шығыстар, барлығы ___________ мың теңге
Басшы _________________ Бас бухгалтер ________________ Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә. қолы
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1350 Қаулыcымен 1-4-қосымшамен толықтырылды
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесіне 1-4-қосымша
Тасымалдаушының темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөніндегі тікелей шығыстарының тізілімі
_________________________ жылдың _____________ айына (тасымалдаушының атауы) (мың теңге)
Басшы __________________ Бас бухгалтер __________________ |