Орта білім беруді жан басына қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-2) тармақшасын іске асыру және бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Орта білім беруді жан басына қаржыландыру қағидалары бекітілсін. 2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 439 бұйрығына қосымша
Орта білім беруді жан басына қаржыландыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орта білім беруді жан басына қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-2) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Қағидалар тараптардың құзыретін және шағын жиынтықты мектептерден басқа орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - жан басына қаржыландырылатын мемлекеттік орта білім беру ұйымдары) білім беру үдерісін және білім беру ортасын қаржыландыру тәртібін реттейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|