Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8/89 «2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8/89 «2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 29 желтоқсанда № 2186 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 қаңтардағы № 1-2 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 17 023 007,8 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 10 427 403,8 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 534 757 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 621 429 мың теңге; трансферттер түсімі - 5 439 418 мың теңге; 2) шығындар - 17 712 272,6 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 6 147 500 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 6 147 500 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 6 836 764,8 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 836 764,8 мың теңге, соның ішінде: қарыздар түсімі - 6 147 500 мың теңге; қарыздарды өтеу - 0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 689 264,8 мың теңге. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|