Кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) кеме құжаттарының тізбесі; 2) кеме құжаттарының нысандары; 3) Кеме құжаттарын жүргізу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 856 қаулысымен бекітілген
Кеме құжаттарын жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кеме құжаттарын жүргізу қағидасы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзетін кемелердегі кеме құжаттарын жүргізу тәртібін анықтайды. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзетін кемеде осы қаулымен бекітілген кеме құжаттарының тізбесіне сәйкес кеме құжаттары болады.
2. Кеме журналын жүргізу тәртібi
3. Осы Кеме журналын жүргізу тәртібі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген (СОЛАС 74/78) Теңізде адам өмірін қорғау туралы 1974 жылғы халықаралық конвенцияға және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген. 4. Кеме журналы кеме құжаты болып табылады, онда кеменің үздіксіз өміршеңдігі көрсетіледі. 5. Кеме журналы, кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге құқық алған сәтінен бастап, құқығы сақталған бүкіл уақыт кезеңі бойы жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|