ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.05.12. № 1318 Қаулысымен ережемен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы № 148 қаулысымен бекітілген
1. Осы Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрттердің салдарын жою ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді әрі метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрттердің салдарын жою тәртібін анықтайды. 2. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 1) диспетчерлік қызмет - метрополитеннің жылжымалы құрамының қозғалысын басқаруды және қозғалыс кестесінің сақталуын үздіксіз бақылауды жүзеге асыратын қызмет; 2) метрополитен жолаушысы - жол жүру құжаты (билеті) бар және метрополитенде жол жүретін жеке тұлға; 3) метрополитеннің көлік кәсіпорны - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-қимыл жасайтын жолаушыларды, багажды метрополитеннің жылжымалы құрамымен тасымалдау, көлік құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметпен айналысатын заңды тұлға; 4) метрополитен - көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі; 5) метрополитеннің өртке қарсы қызметі - метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрттердің салдарын жою үшін құрылатын метрополитеннің көлік кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі; 6) эскалатор - адамдардың бір деңгейден екінші деңгейіне ауысуы үшін қозғалмалы баспалдақтары бар баспалдақ түріндегі көтергіш-көлік қондырғысы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|