Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2013 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы № 736 қаулысымен беітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
1. «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде: 3-тармақта: екінші, үшінші, төртінші абзацтар алынып тасталсын; 15-1-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын; 16-1-тармақ алынып тасталсын; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Жинақтаушы зейнетақы қоры агенттердің немесе салымшылардың (алушылардың) өтініштері негізінде он банктік күн ішінде өтініште көрсетілген барлық деректемелер бойынша зейнетақы жарналарының түсімін тексереді.»; көрсетілген Ережеге 1-1-қосымша алынып тасталсын. 2. ҚР Үкіметінің 2013.02.10. № 1042 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2013.05.10. № 1058 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 848 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
|