Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы (2013.18.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасы (тізімі) бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнімнің тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 тамыздағы № 1282 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 36-37, 436-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2011.15.04. № 418 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.17.10. № 1320 Қаулысымен (бұр.ред.қара) номенклатура өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілген
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасы (тізімі)
ҚР Үкіметінің 2013.18.06. № 618 Қаулысымен бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Екі ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар
Тізім бойынша жалпы ескертпелер
1. Әскери қолдану үшін әзірленген немесе өзгертілген тауарлардың бақылауы үшін әскери мақсаттағы тауарлардың бақылау жөніндегі тиісті тізім(дер)ге қараңыз. Аталған тізімдегі «Сонымен қатар әскери мақсаттағы тауарларға бақылауды қараңыз» деген мәтінді сілтемелер де осы тізімге сілтеме жасайды. 2. Аталған тізімге енгізілген бақылау объектісі тауардың негізгі бөлігі болып табылатын бір немесе бірнеше бақылауға алынған және жеңіл алып тастауға немесе басқа мақсатта қолдануға болатын компоненттері бар бақылауға алынбайтын тауарлар (өсімдіктерді қоса алғанда) сараптамасы кезінде бақылаудан босатылмауға тиіс. Айрықша ескертпе: Бақылауға алынған компонентті немесе компоненттерді негізгі бөлікке жатқызу мақсатында оларды қарау кезінде бақылауға алынған нәрсе компонент немесе сатып алынған тауардың негізгі бөлігінің компоненті болып табыла ма деген сияқты фактыны белгілеуге қабілетті саны, құндылығы және пайдаланатын технологиялық ноу-хоу секілді факторларды, сондай-ақ басқа да негізгі факторларды салмақтау қажет. 3. Аталған тізімде көрсетілген тауарлар жаңасын да, қолданыста болған кеңесін де қамтиды. 4. ССҚ ТН кодтары тауарларды (қызмет көрсетулерді) қосарлы және әскери мақсаттағы өнімдерге сәйкестендіру және ара қатынасын белгілеу барысында ұсыныс және көмекші кодтар болып табылады. ССҚ ТН кодтары толық емес немесе барлық бақылаушы позицияларды қамтымауы мүмкін, және бақылаушы позициялардың техникалық параметрлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Қандай да бір өнімді қосарлы және әскери мақсаттағы өнімдерге сәйкестендіру және ара қатынасын белгілеу жөніндегі түбегейлі шешім аталған тізімнің бақылауға алынған өнімінің техникалық параметрлерімен айқындалады. 5. Қосарлы мақсаттағы өнімдер тізімінің құрылымы 10 санаттан тұрады және ол мына санаттарды қамтиды: 0 санат - Ядролық материалдар, құрылғылар мен жабдықтар; 1 санат - Материалдар, химикаттар, «микроорганизмдер» мен «уыттар»; 2 санат - Материалдарды өңдеу; 5 санат - Телекоммуникациялар және «Ақпарат қорғау»; 6 санат - Бергіштер мен лазерлер; 7 санат - Навигациялық жабдықтар мен авиациялық электроника; 9 санат - Двигательдік құрылғылар, ғарыш аппараттары мен сүйемелдеуші жабдықтар. Әрбір санат қосарлы мақсаттағы өнімдердің 4 техникалық тобын қамтиды: А - Аппаратура, тораптар мен компоненттер; В - Өндірістік және сынақ жабдықтары; С - Материалдар; D - Бағдарламалық қамтамасыз ету; Е - Технология. Техникалық топта экспорттық бақылаудың көпжақты және біржақты режимдеріне сілтемелер бар: 000-099 - Вассенаарлық уағдаластық (ВУ); 100-199 - Зымырандық технологиялардың бақылау режимі (ЗТБР); 200-299 - Ядролық жеткізушілер тобы (ЯЖТ); 300-399 - Австралиялық топ (АТ); 400-499 - Химиялық қару қолдануға тыйым салу туралы конвенция (ХҚК); 500-899 - Резерв; 900-999 - Біржақты тізімдер. Ядролық технология бойынша ескертпелер (0 санатының «Е» бөлігімен бірге оқыңыз) О санатында бақылауға алынатын кез келген тауарға тікелей байланысты «Технология» 0 санатының ережелеріне сәйкес бақылауға алынады. Бақылауда тұрған тауарларды «әзірлеуге», «өндіруге» немесе «пайдалануға» арналған «Технология», тіпті егер бақылауға алынбайтын тауарларға қатысты болса да, бақылауда қала береді. Тауарларды экспорт үшін бекіту сонымен бір мезгілде аталған соңғы пайдаланушыға инсталляция, жұмыстар, тауарларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу үшін қажетті «технологиялардың» ең аз мөлшерінің экспортына рұқсат етеді. «Технологияларды» берудің үстінен бақылау «қоғамдық саладағы» ақпаратқа немесе «іргелі ғылыми зерттеулерге» қолданылмайды. Технологиялар бойынша жалпы ескертпелер (1-9 санатының «Е» тарауымен бірге оқыңыз) 1-9 санатында бақылауға алынған тауарларды «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» үшін қажетті «технологиялар» экспорты 1-9 санатының ережелеріне сәйкес бақылауға алынады. Бақылауда тұрған тауарларды «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» үшін «қажетті» «технология», тіпті бақылауға алынбайтын тауарларға қатысты болса да, бақылауда қала береді. Бақылауға алынбайтын немесе экспорты рұқсат етілген, инсталляция, жұмыстар, тауарларға техникалық қолдау (тексеру) мен жөндеу үшін қажетті ең аз мөлшер болып табылатын «технологияларға» қолданылмайды. Айрықша ескертпе: Осымен 1E002.e., 1E002.f., 8E002.a. және 8Е002.b. көрсетілген «технологиялар» босатылмайды. «Технологияларды» берудің үстінен бақылау «қоғамдық саладағы» ақпаратқа немесе «іргелі ғылыми зерттеулерге» немесе патенттік өтінімді ресімдеу үшін қажетті ақпараттың ең аз мөлшеріне қолданылмайды. Бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша жалпы ескертпелер (Осы ескертпелер 0-9 санатының «D» тарауының кез келген бақылауынан басымдыққа ие) Аталған тізімнің 0-9 санаттары мынадай «бағдарламалық қамтамасыз етуді» бақылауға алмайды: а. Қоғамдық пайдалану үшін қолжетімді, өйткені: 1. Мынадай жолмен қандай да бір шектеулерсіз бөлшек сауда нүктелерінде қоймадан сатылады: а). қолма қол ақшаға мәмілелер; b). пошта аударымы; с). электрондық төлем; немесе d). телефон бойынша тапсырыс; және 2. Жеткізуші тарапынан одан әрі қарай елеулі қолдаусыз-ақ тұтынушы инсталляция үшін әзірленген; немесе Айрықша ескертпе: Бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша жалпы ескертпелердің «а» тармағымен 2 бөлімнің («Ақпарат қорғау») 5 санатында көрсетілген «бағдарламалық қамтамасыз ету» босатылмайды. b. «қоғамдық салада» тұр. Тізімде пайдаланылатын терминдердің анықтамалары «Дәлдік» (2,6) - кінараттылық арқылы әдетте өлшенетін шама, ол қабылданған стандарттың немесе дұрыс мәнінің көрсетілген шамасынан барынша жоғары ауытқуды, оң немесе теріс мәнін білдіреді. «Ұшуды басқарудың белсенді жүйелері» (7) - бірнеше өлшеу бергіштерінің шығу сигналдарын дербес өңдеу арқылы «ұшу аппаратының» және ракетаның қолайсыз ауытқуларын немесе құрылымдық жүктемелерін болдырмау үшін және автоматты бақылауды жүзеге асыру мақсатында қажетті ескерту командаларын беру үшін жұмыс істейтін жүйелер. «Белсенді пиксель» (68) - жарықтық (электромагниттік) сәулелену әрекеті кезінде фотоэлектрлік беру функциясына ие қатты денелі тордың ең аз (жалғыз) элементі. «Әскери қолдану үшін бейімделген» (1) - адамдарға немесе жануарларға әсер етуінің немесе жабдықтардың, топырақтың құнарлылығын немесе қоршаған ортаны нашарлатудың тиімділігін арттыру мақсатында белгілі бір сапалары бойынша (мысалы, қоспасының саны, сақтау кезіндегі жарамдылығының мерзімі, вируленттілігі, қасиеттерінің берілуі, ультракүлгін сәуленің әсеріне төзімділігі бойынша) кез келген түрін өзгертулерге немесе іріктелуге ұшыраған. «Ұшу аппараты» (1,7,9) - тіркелген немесе қанатының геометриясы өзгеретін, айналатын қанаты (тікұшақ), бұрылыстық винті немесе қанаты бар әуе ұшуларына арналған құрал. Айрықша ескертпе: қараңыз, сондай-ақ «Азаматтық ұшу аппараты». «Барлық қолжетімді түзетулер» (2) - өндірушінің станоктың нақты моделі үшін позициялаудың барлық жүйелі қателіктерін барынша азайту жөніндегі барлық іс жүзіндегі мүмкін шараларды қарастырғанын білдіреді. «ІТU бойынша жиілікті бөліп беру» (3 5) - байланыстың негізгі (бастапқы), рұқсат етілген және екінші қызмет көрсетулері үшін жиілік диапазонын бөліп беру Халықаралық телекоммуникациялар одағының радиобайланыс регламенті туралы ережелеріне (1998 жылғы редакция) сәйкес жүргізілетінін білдіреді. Айрықша ескертпе: қосымша және балама бөліп беру есепке алынбайды. «Бұрыштық күйдің ауытқуы» (2) - өңдегеннен кейін бекітілген деталь бұрынғы күйіне қарай бұрылған соң өте жоғары дәлдікпен өлшенген бұрыш бойынша бұрыштық күймен іс жүзіндегі күйдің арасындағы ең жоғарғы айырма. (қараңыз, VDI/VDE 2617, жұмыс нұсқасы: «бұрылыстың координаттарды» өлшеу тетіктеріне қатысты кесте»). «Ассиметриялық алгоритм» (5) - кодтау және кодсыздандыру үшін түрлі, математикалық тәуелді кілттерді пайдаланатын криптографиялық алгоритмді білдіреді. Айрықша ескертпе: «Ассиметриялық алгоритмдерді» іс жүзінде пайдалану үлгісі бұл кілтпен басқару «Мақсатты автоматты сүйемелдеу» (6) - мақсаттың уақыттың нақты ауқымындағы мейлінше ықтимал жағдайының экстраполироволды мәнінің шығу сигналы ретінде автоматты түрде айқындайтын және қамтамасыз ететін өңдеу әдісі. «Негізгі қисындық элементті кідірту уақытты» (3) - «тұтастай құйылған интегралдық схемалардың» «үйірінде» пайдаланылатын негізгі қисындық элемент арқылы сигналдың тиісті өтуіне кідірту уақыты. Ол осы «отбасы» үшін немесе сигналдың өтуінің кідірту уақыты арқылы үлгілік қисындық элемент арқылы не қисындық элементтің өтуінің кідіруінің үлгілік уақыты арқылы айқындалуы мүмкін. № 1 айрықша ескертпе: «Негізгі қисындық элементтің кідіру уақытын» күрделі «тұтас құйылған интегралдық» схемалардың шығу және кіру сигналдарының арасындағы кідіру уақытымен шатыстырмау керек. № 2 айрықша ескертпе: «Біртектілік» өндіріс технологиясы мен техникалық жағдайларға қатысты, бірақ олардың функционалдық қызметіне қатысы жоқ, төменде келтірілген белгілердің басын біріктіретін интегралдық схемалардың бүкіл жиынтығын қамтиды: а) интегралдық схемалар мен бағдарламалық қамтамасыз етудің бірыңғай сәулеті; б) бірыңғай конструкция және қолданылатын технология; және в) бірыңғай негізгі сипаттамалар. «Іргелі ғылыми зерттеулер» (бүкіл Тізім) - экспериментальды немесе басты түрде негізгі принциптер немесе байқалынып жүрген фактілер туралы жаңа білімдер алу мақсатында жүргізілетін, нақты практикалық мақсаттарға қол жеткізуге немесе нақты міндеттерді шешуге тікелей бағытталған экспериментальды немесе теориялық жұмыстар. «Орны өзгеру» (акселерометр) (7) - берілген жылдамдықтың болмауында акселерометрдің шығу сигналы. «Соғу» (2) - айналаның сыртқы немесе ішкі үстіңгі бетінде өлшеу нүктесінде шпинделдің перпендикулярлы білігінің жазықтығында өлшенген негізгі шпинделдің бір айналымдағы радиалды өзгеру (көзі - ISO230/1-1986, 5.63). «Көміртекті жіпті нысан алдындағы нысан» (1) - бұйымның қаңқасын құрайтын, сосын «матрицалармен» толтырылып, нәтижесінде «композициялық материал» болып қалыптасатын тәртіппен орналастырылған жабылмаған немесе жабылған жіптер. «ЕЭ» - «есептеу элементіне» барабар. «ДЫА» - (дөңгелекті ықтималды ауытқу) (7) - дәлдікті өлшейтін шама; шеңбердің радиусы, оның орталығында белгілі бір қашықтықта нысаны болады, онда 50% пайдалы жүктеме жұмыс істейді. «Химиялық лазер» (6) - тозған орта химиялық реакция энергиясы есебінен қалыптасатын лазер. «Химиялық қоспа» (1) - қоспаны сақтау жағдайында бір бірімен өзара әрекетке түспейтін екі немесе одан да көп құрамдас бөліктерден алынған қатты, сұйық немесе газ түріндегі өнімді білдіреді. «Бақыланатын циркуляция мен баптауды немесе қарсы айналдыруды бақылау жүйесі» (7) - үстіңгі беттермен туындайтын күштерді күшейту немесе бақылау үшін аэродинамикалық үстіңгі беттердің бойымен әуе ағымдарын пайдаланылатын бақылау жүйелері. «Азаматтық ұшу аппараттары» (1,7,9) - коммерциялық азаматтық ішкі және сыртқы авиа желілерде немесе заңдастырылған азаматтық жеке меншік пайдалануға арналған немесе бизнес мақсаттары үшін ұшуға жарамды жарияланған сертификацияланған ұшу жарамдылығының тізімдерінде белгіленген сәйкестікке саналамаланған «ұшу аппараттары». Айрықша ескертпе: Сонымен қатар «ұшу аппараттарын» да қараңыз. «Байланыстырылғандар» (1) - жалпы талшықты нысанда армирленген матрица талшықтарымен комбинациялар алу мақсатында термопластикалық талшықтардың түйінінің ұштасуы және талшықтардың нығайтылуы. «Майдалау» (1) - ұсақтау немесе себу арқылы материалдың пайдалану процесі. «Ортақ канал бойынша беру» (5) - беру әдісі, мұнда бір канал бойынша станциялардың арасында каналдардың санына немесе шақыруларға қатысты белгіленген хабарламалардың ақпараты немесе желіні басқару үшін пайдаланылатын басқа ақпарат беріледі. «Байланыс каналының контролері» (5) - синхронды немесе асинхронды цифрлық ақпараттың ағынын бақылайтын физикалық интерфейс. Бұл компьютерге қондырылатын блок, немесе жүйеге қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялық жабдық. «Композициялық материал» (1,2,6,8,9) - толтырғыштарды, талшықтарды немесе белгілі бір мақсатқа немесе мақсаттарға арналған олардың кез келген үйлесімін армейлейтін бөлшектерден тұратын «матрица» қосымша фаза немесе қосымша фазалар. «Жиынтық теориялық өнімділігі» («ЖТӨ») (3,4) - «есептеу элементтерін» («ЕЭ») агрегерлеудің нәтижесінде алынған секундына миллион теориялық операцияларда (Смто) көрініс тапқан есептеулер өнімділігінің шамасы. Ерекше ескерту: 4 - санатқа техникалық ескертпені қараңыз. «Құрастырмалы айналмалы үстел» (2) - басқаруы контурлық басқару үшін үйлесе алатын екі параллель емес осьтің айналасында деталді айналдыруға және еңкейтуге мүмкіндік беретін үстел». «Есептеу элементі» (4) - арифметикалық немесе қисынды әрекеттерді орындайтын ең есептеу бірлігі. «Контурлық басқару» (2) - келесі талап етілетін жағдайды және осы жағдайға берудің талап етілетін жылдамдылығын айқындайтын нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылатын «цифрлық басқарудағы» екі немесе одан көп біліктер бойынша қозғалыс. Бұл беру жылдамдықтары бір-бірімен байланыста болады, бұл негізгі контурды түзеді (қараңыз, ISO/DISC 2806-1980). «Сындық температура» (1,3,6) (кейде көшу температурасы деп аталады.) Белгілі бір «өткізуден тыс материал» - материал электр тоғының өтуіне қарсыласуын толық жоғалтатын температура. «Криптография» (5) - оның мазмұнын жасыру, түрлі өзгеруін немесе рұқсат етілмеген пайдалануды болдырмау мақсатында ақпаратты түрлендірудің принциптерін, құралдары мен әдістерін қамтитын тәртіп. «Криптография» бір немесе одан көп «құпия параметрлерді» пайдаланылатын ақпараттың түрленуі мен (мысалы, криптографиялық ауыспалылық) немесе тиісті кілтпен басқарумен шектелген. Айрықша ескертпе: «Құпия параметрі» - адамдардың белгілі бір тобына белгілі және басқа адамдардан жасырылған константа немесе кілт. «ЖТӨ» - «жиынтық теориялық өндірушілікке» балама. «Үлгілі деректер базасының негізіндегі навигациялық жүйелер» (7) - серпінді режимдер кезінде дәл навигациялық ақпаратты кешенді қамтамасыз ететін гео-картографиялық деректердің априорлық өлшемдерінің түрлі көздерін пайдаланатын жүйелер. Ақпараттық көздер батиметрикалық карталарды, жұлдыздық карталарды, гравитациялық карталарды, магниттік карталарды немесе жергілікті жердің үш өлшемді цифрлық карталарын қамтиды. «Деформацияланатын айналар» (6) - (сондай-ақ адаптивті оптикалық айналар белгілі ретінде) - мыналар бар айналары: а. Үстіңгі бетін бір үздіксіз оптикалық көрсететін үстіңгі бет, ол жекелеген күш қолдану немесе айнаға құлайтын оптикалық сигналдың бұрмалануларын өтеу үшін бұрайтын сәттер арқылы серпінді түрде деформацияланады; немесе б. Көп элементті оптикалық гидрлегіштер, олардың күйі бөлек және тәуелсіз жекелеген күш қолдану немесе айнаға құлайтын оптикалық сигналдың бұрмалануларын өтеу үшін бұрайтын сәттер арқылы өзгереді. «Қуаты азайған уран» (0) - табиғи уранға қарағанда 235 изотопты төмен уран. «Әзірлеме» - жобалау, жобалық зерттеу, жобалық нұсқаларды талдау, жобалау тұжырымдамасын әзірлеу, жинау және прототиптерін сынақтан өткізу (тәжірибелік үлгілерін) секілді сериялық өндіріске дейінгі жұмыстардың барлық сатысы, тәжірибелік өндіріс пен техникалық құжаттаманың схемасын жасау, техникалық құжаттаманы берудің процесі, құрылымдық жобалау, макеттеу. «Диффузиялық пісіру» (1,2,9) - қатты денелі молекулярлық қосылыс, кем дегенде мейліншік әлсіз материалдың байланыс күшіне баламды жалпы күшпен бірыңғай біртұтас екі металл. «Цифрлық ЭЕМ» (4,5) - бір немесе одан көп дискретті ауыспалы нысанда барлық мынадай функцияларды орындай алатын аппаратура: а. Енгізілетін деректерді қабылдау; б. Деректерді немесе командаларды тұрақты немесе өзгеретін (қайта жазылатын) сақтау құрылғыларында сақтау; в. Деректерді немесе командаларды тұрақты немесе өзгеретін (қайта жазылатын) сақтау құрылғыларында сақтау; және г. Деректердің шығуын қамтамасыз ету; Айрықша ескертпе: Командалардың жазылған тізбегінің түрін өзгертуі тұрақты жад құрылғысын ауыстыруды қамтиды, бірақ жүргізілген қосылыстардың немесе ішкі байланыстардың физикалық өзгеруі кірмейді. «Цифрлық берудің жалпы жылдамдығы» (5) - каналды кодтаудың молдығы және осы секілділерді қоса алғанда биттің цифрлық беру жүйесіндегі тиісті жабдықтаудың арасында берілген уақыт бірлігіндегі цифрі. Айрықша ескертпе: қараңыз, сондай-ақ «сандық бергіштің жылдамдығы». «Тікелей гидравликалық нығыздау» (2) - деформациялау процесі онда дайындаумен тікелей қатынастағы сұйық толтырылған икемді камера қолданылады. «Дрейф жылдамдығы» (героскоп) (7) - талап етілетін шығу сигналынан уақыт бойынша өзінше ауытқу. Кездейсоқ ұдайы компоненттен тұрады және уақыт бірлігіндегі инерциялық кеңістікке қатысты баламды керу бұрышының өзгерісі ретінде көрінеді. «Динамикалық адаптивтік маршруттау» (5) - желінің жұмысының ағымдағы жағдайларын өлшеу мен талдаудың негізінде хабарлауларды берудің маршрутын автоматты түрде өзгерту. Айрықша ескертпе: Алдын ала бар болған ақпараттың негізінде хабарлауларды берудің маршрутын өзгерту туралы шешімдер жағдайы бұған кірмейді. «Сигналды динамикалық талдауыштар» (3) - «сигналдың талдауыштары» олар оның амплитудасы мен фазасы туралы ақпаратты қоса алғанда осы сигналдың фурье-спектрін алу үшін сигналдың сандық таңдалымын және оны түрлендіру әдістерін пайдаланады. Айрықша ескертпе: Сондай-ақ «сигналдың талдауыштарын» қараңыз. «Тиімді грамм» (0,1) - «арнаулы бөлшектенетін материалдар үшін» мынадай болады: а. Плутони және 233-уранның изотоптары үшін - изотоптың салмағы граммдарда; b. 235-уранның байытылған изотопының ураны үшін (1% немесе одан артық) - элементтің салмағы байытылғаннан квадраттың түбіріне көбейтілген, салмағы бойынша оннан бір үлесі ретіндегі граммдарда; с. 235-уранның изотопымен байытылған уран үшін (1 ПРЦ кем) - элементтің салмағы 0.0001-ге көбейтілген граммдарда; «Электронды жинау» (3,4,5) - белгілі бір функцияны(ларды) орындау үшін қосылған, ауыстыруға және бөлшектеуге жататын электронды компоненттердің кейбір саны (мысалы, «схемалар элементтер», «дискретті компоненттер», «интегралды схема» және тағы басқалар). Айрықша ескертпе: 1. «Схеманың элементі» - бір диот, транзистер, резистер, конденсатор және осы секілді электронды схеманың жеке белсенді немесе бәсең деталі. 2. «дискретті компонент» - өзінің сыртқы шығаруларымен жеке корпустағы «схема элементі». «Сәулені электронды сканирлейтін фазаланған антенналық торкөз» (5,6) - фазалық арақатынастарды таңдау арқылы сәулені қалыптастыратын антенна, яғни сәуленің бағыты сәуле беретін элементтерді қоздыру кешенді коэффициенттерді таңдаумен басқарылады және осы сәуленің бағыты қабылдау кезінде де, сондай-ақ беру кезінде де электр сигналын жұмсау арқылы азимуттың бұрышы мен орнының немесе екеуінің бұрышы бойынша өзгеріліне алады. «Жұмыс органдары» (2) - басып алулар, «белсенді аспаптық тораптар» және «роботтың» қол манипуляторының аяғындағы тірек торшасына бекітілетін кез келген басқа да аспаптар. Айрықша ескертпе: «белсенді аспаптық тораптар» - дайындамаға (деталдың) өлшеу бергіштерін қоюға немесе оның өзгеруі немесе өңделуі үшін қуат беруге арналған құрылғы. «Баламды тығыздық» (6) - оптикалық бірліктердің үстіңгі бетке түсірілетін оптикалық алаңның бірлігіне арналған массасы. «Сараптық жүйелер» (7) - «бағдарламаларға» қатыссыз сақталатын ақпараттарға ережелерді қолдану арқылы нәтижелерді қамтамасыз ететін және мынадай сипаттамалардың кез келгеніне: а. Пайдаланушы енгізген бағдарламаның мәтінінің автоматты модификациясына; б. Квази табиғи тілде проблемалардың кейбір сыныбымен байланысты білімдерді қамтамасыз етуге; немесе в. Оларды әзірлеу үшін талап етілетін білімдерді игеруге (рәміздік оқыту) ие жүйелер. «ФАДЕК» - «двигательдің толық дербес электронды сандық контролері». «Жұмыс істемей қалуы болмаушылығы» (4) - компьютерлік жүйенің оның аппараттық компонентінде немесе «бағдарламалық қамтамасыз етуінде» қандай да бір болмасын ақаулық пайда болғаннан кейін адамның араласуынсыз жұмысты жалғастыру, жұмыстың үздіксіздігін, деректердің тұтас сақталуын және берілген уақыт аралығының шектерінде жұмысты қалпына келтіру қасиеті. «Талшықты немесе жіп тәріздес материалдар» (0 1 2 8) - мыналарды қамтитын материалдар: а. Бірыңғай «жіптер»; б. Бірыңғай тоқыма және ұршық; в. «Жол жіптер», маталар, өздігінен болған құрылымның кездейсоқ торшалары мен таспалары; г. Мақта мата және зығыр кенді талшықтары; д. Кез келген ұзындықтағы армирлейтін талшықтар, жалғыз және көп кристалділер; е. Хош иісті және полиамидті целлюлоза; «Пленкалық интегралды схемалар» (3) - оқшаулаушы «төсемге» қалың немесе жұқа пленка жүргізу арқылы пайда болған «схемалар элементтері» мен металл қосылыстарының жиынтығы. Айрықша ескертпе: «Схеманың элементі» - бір диот, транзистр, резистр және конденсатор және осылар секілді электронды схеманың жеке белсенді немесе пассивті деталі. «Тіркелген» (5) - кодтаудың немесе қысудың алго ырғағының сырттан берілетін параметрлерді өзгерте алмайтындығын (мысалы, криптографиялық параметрлер немесе кілттің параметрлері) және пайдаланушының түрін өзгерте алмайтындығын білдіреді. «Ұшуды басқару жүйесінің оптикалық бергіштер тобы» (7) - «лазердің» сәулесін пайдаланатын нақты уақытта бортта өңдеу үшін ұшуды басқарудың деректерін қамтамасыз ететін бөлінген оптикалық бергіштердің желісі. «Ұшудың траекториясын оңтайландыру» (7) - сипаттамаларды барынша өсіру немесе міндеттерді орындаудың тиімділігін арттыру негізінде талап етілетін траекторияның төрт өлшемінен (кеңістікте және уақытта) ауытқуын барынша азайтатын ресім. «Фокальды тегістік торы» (6) - фокальды тегістікте жұмыс істейтін есептейтін электронды немесе онсыз жекелеген элементтер детекторларының планарлы жіктерінің сызықты немесе екі өлшемді планарлық торы немесе комбинациясы. Айрықша ескертпе: Бұл анықтамаға уақытша кідіртуді енгізудің және осы элементтерде интеграциялау операцияларының болмауы жағдайы кезіндегі 1С228 немесе кез келген екі-, үш- немесе төрт элементті детекторлардың жиынтығы кірмейді. «Жиілік белдеулерінің салыстырмалы ені» (3) - процентпен көрсетілетін, алып жүру жиілігінің орташа жиілігіне бөлінген жиілік белдеуінің «бір сәттік ені». «Жиіліктерді секіртпелі түрде қайта құру» (5) - «спектрдің кеңею» нысаны, мұнда байланыстың жеке каналының беру жиілігі дискретті секірулердің кездейсоқ немесе жалған кездейсоқтық реті арқылы қайта құрылады. «Жиілікті қосу уақыты» (35) - мынадай сипаттамалардың кез келгеніне қол жеткізу үшін бір жиіліктен басқасына қосылуы кезінде шығу сигналына талап етілетін барынша көп уақыт (мысалы, кідіру): а. Оның түпкі мәнінен 100 Гц шегіндегі жиілік; немесе б. Түпкі мәнінің деңгейінен 1 дБ шегіндегі деңгей; «Жиіліктердің синтезаторы» (3) - жиіліктердің стандарттарының аз санының көмегімен мақсатты түрде алатын немесе синхрондайтын бір немесе бірнеше бір мезгілде немесе кезек-кезек генерацияланатын жиынтығын генерациялаудың пайдаланылатын әдісіне қатыссыз қамтамасыз ететін сигналдың генераторының немесе жиіліктер көзінің кез келген түрі. «Двигателдің толық дербес электронды-сандық контролері» (7,9) - турбиналы двигателді немесе двигателдің тягасын немесе валдан алынатын, отынның шығысын оны беру аяқталғанға дейін реттеудің басынан бастап жұмыс жағдайының диапазонындағы шығу қуатының деңгейін ауыспалы параметрлермен басқаруға арналған сандық ЭЕМ пайдалана отырып құрастырмалы циклды двигателді басқарудың электронды жүйесі. «Газдық тозаңдану» (1) - балқытылған металл қорытпаның ағынының жоғары қысымдағы газдық ағында 500 мкм немесе одан кіші диаметрдегі тамшыларға тозаңдану процесі. |