2012-2015 жылдары кезеңіне арналған ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуында прокурорлық қадағалау саласын дамыту концепциясын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы
Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуында прокурорлық қадағалауды одан әрі жетілдіру және дамыту мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН: 1. 2012-2015 жылдары кезеңіне арналған ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуында прокурорлық қадағалау саласын дамыту концепциясы (бұдан әрі - Концепция) және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаменті, Бас әскери прокурор, облыс, Астана, Алматы қалаларының және оларға теңестірілген прокурорлар, Жоспарда белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру шараларын қабылдасын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.А. Секішевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық Бас прокуратураның орталық аппаратының қызметкерлеріне, Бас әскери прокурорға, облыс, Астана, Алматы қалаларының және оларға теңестірілген прокурорларға, Бас прокуратураның С. Есқараев атындағы Институтына мәлімет үшін жеткізілсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бас Прокурорының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 142 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|