«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған қазақ тілін одан әрі дамыту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген, 2013 жылғы 23 ақпандағы № 74, 78 (28013, 28017) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 2, 3, 5, 6, 9, 10, 11, 12-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын; 3) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының, республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттарының назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 2-қосымша Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|