Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы (2012.08.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ереже бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау әрі дамыту мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестері туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 917 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 27, 303-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 917 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 410 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 18, 186-құжат). 3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2009.02.10. № 1513 Қаулысымен үлгі ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысымен бекітілген
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ереже
Осы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдардың жанынан құрылатын сараптамалық кеңестерді қалыптастыру және олардың қызметінің тәртібін айқындайды.
1. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - сараптамалық кеңес): жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық қорытындылар алу; жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдардың (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган. 2. Сараптамалық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Сараптамалық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады: мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, мемлекеттік органдар әзірлеген және ұсынған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын олар мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жарияланғаннан (таратылғаннан) кейін қарайды; көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын жинақтауды жүзеге асырады; жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлейді.
2. Сараптамалық кеңестерді қалыптастыру тәртібі
4. Сараптамалық кеңестің құрамы заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, мүдделі коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, сондай-ақ мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптасады. Әрбір жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестігі мен мүдделі коммерциялық емес ұйым өкілеттігі сенімхатпен расталған өз өкілі арқылы сараптамалық кеңестің құрамына қатысады. 5. Сараптамалық кеңестің құрамы жанынан сараптамалық кеңес құрылатын мемлекеттік орган бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.
3. Сараптамалық кеңестер қызметінің тәртібі
6. Сараптамалық кеңестің мүшесі: 1) сараптамалық кеңестің материалдарына қол жеткізуі; 2) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысуы; 3) мыналар: қаралатын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сараптамалық кеңестің отырысын өткізуі; тиісті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелерді күн тәртібіне енгізуге өткізуге бастамашы болуы; 4) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуі; 5) сарапшылық кеңестің күндізгі отырысын өткізуді талап етуі мүмкін. ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1417 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік органның шешімі бойынша оның тиісті құрылымдық бөлімшесі болып табылатын сараптамалық кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады. Мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен кейінгі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса беріп, сараптамалық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жібереді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім ол жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен аз болмауы керек. ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1417 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды 7-1. Нормативтік құқықтық актінің жобасына осы Ереженің 7-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік орган белгілеген мерзімде сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі. 8. ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1417 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы: сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады; нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, мүдделі коммерциялық емес ұйымдарға жібереді және/немесе оларды мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурсына орналастырады; сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады; сараптамалық кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді. 10. Сараптамалық кеңестің төрағасы сараптамалық кеңестің жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырады, сараптамалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді, қажет болған кезде оның отырысын шақырады, отырыстардың хаттамаларына қол қояды. Сараптамалық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасар орындайды. 11. Сараптамалық кеңестің шешімдері хаттама түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. 12. Сараптамалық кеңестің отырыстары кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі. ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1417 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13. Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасын қарауы отырыс өткізбестен, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне тарату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Қарау нәтижелері бойынша осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша сараптамалық кеңес төрағасының қолы қойылатын хаттама жасалады. Аталған хаттама сарапшылар кеңесінің мүшелеріне жіберіледі және нормативтік құқықтық акті жобасының міндетті қосымшасы болып табылады. ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1417 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және оларды қабылдағанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына мiндеттi қосымша болып табылады. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды мемлекеттік және орыс тілдерінде береді. 15. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар бір сараптамалық қорытынды ұсынған және осы бірлестік сараптамалық кеңестің отырысын өткізуді табанды түрде талап еткен жағдайда осындай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады. Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырыстары сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін. ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1417 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16. Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктеріне келiспеу себептерiнiң негiздемесi бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар оларды қабылдағанға дейiн нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына мiндеттi қосымша болып табылады. 17. Мемлекеттік органдардың жанындағы сараптамалық кеңестер қызметінің мониторингін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның жанынан құрылатын үйлестіру кеңесі жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 18. Мемлекеттік органдар өзінің ресми интернет-ресурсында сарапшылық кеңестің отырысына шығарылған қолданыстағы әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша сарапшылық кеңес мүшелері мен өзге де мүдделі тұлғалардың ұсыныстарын, мемлекеттік органдардың жауаптарын, хаттамаларды және сараптамалық қорытындыларды сақтайды.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1417 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережеге қосымша
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ХАТТАМАСЫ _________________________________________________________________
Күн тәртібі
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ____________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________ қарауы туралы (нормативтік құқықтық акті жобасының атауы немесе қаралып отырған мәселе) 1. Сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынғандар: _________________________________________________________________________________________________________________ (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің атауы) 2. Сараптамалық қорытындыларды ескертулермен және ұсыныстармен ұсынғандар: _________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________ (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің атауы, _________________________________________________________________________________________________________________ ұсынылған ескертулер мен ұсыныстардың жалпы саны, олардың ішінде қабылданғаны/қабылданбағаны*) 3. Сараптамалық қорытынды ұсынған жоқ: _________________________________________________________________________________________________________________ (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің атауы) 4.________________________________________________________________________________________________________________ (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдамау туралы ақпарат**)
Сараптамалық кеңестің төрағасы Сараптамалық кеңестің хатшысы
Ескертпелер: * - Мысалы: Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығы - 10 (7/3) ** - Мұндай жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберілген сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар хаттың күні мен нөмірі көрсетіледі
|