«Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 724 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада (бұдан әрі - Бағдарлама): «1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде: «Міндеттері» мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Термоэлементтер мен күн фотоэлементтерін шығару жөніндегі сыни технологияларды дамыту»; «Нысаналы индикаторлары»: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. 2014 жылы көмір өндіру көлемін 119 млн. тоннаға дейін қамтамасыз ету.»; «Саланы дамытудың негізгі проблемалары, үдерістері мен алғышарттары» деген кіші бөлімде: «3. Қазақстандық қамту» деген тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Екібастұз қаласында 700 оқушы орнына арналған Отын-энергетика саласы үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталықтың құрылысы аяқталатын болады.»; мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын: «Саланың инновациялық-технологиялық дамуын талдау Электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты электр энергиясын өндіруді ұлғайту есебінен ғана емес, сонымен қатар энергия үнемдеу есебінен де қанағаттандыруға болады. Саланың инновациялық-технологиялық дамуы электр станцияларында станциялардың энергия тиімділігін арттыратын технологияларды енгізуге жәрдемдеседі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|