|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2024.03.01. № 429 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27-1) тармақшасына және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидалары; 2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесі бекітілсін. Алты ай ішінде тексеру жүргізіліп, осы тармақта көрсетілген тізбеге кірмейтін адамдарға бұрын берілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары алынсын. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 763-құжат); 2) «Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 460 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 9, 182-құжат). 3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |