Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 417 бұйрығына 2 -қосымша
Жылу электр станцияларындағы жылу автоматикасы және өлшеу құралдарын жөндеуге
1. Жылу электр станцияларындағы жылу автоматикасы және өлшеу құралдарын жөндеуге арналған құрал-саймандар мен жарақтар шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес жылу электр станцияларындағы жылу автоматикасы және өлшеу құралдарын жөндеуге арналған құрал-саймандар мен жарақтар шығысының нормаларын айқындауға бірыңғай әдіснамалық тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. 2. Осы Есептеу әдістемесі бір жыл ішіндегі жөндеу персоналының 10 адамына арналған құрал-сайман мен жараққа қажеттілік нормаларын есепке ала отырып, жөндеу-пайдалану персоналының санына байланысты жөндеуге арналған механикаландырылған қол құрал-сайманы мен жараққа қажеттілікті айқындауға негізделген. 3. Құрал-сайман мен жараққа қажеттілік нормалары жылу электр станцияларының жинақталған және қорытындыланған деректері негізінде жасалған. Сондай-ақ, жылу автоматикасы және өлшеу цехтарының (ЖАӨЦ) жабдықтарын жөндеу бойынша жұмыстардың негізгі түрлеріне арналған үлгілік карталар және ЖАӨЦ жабдықтарын пайдалану және жөндеу үшін механизмдерге қажеттілік нормалары пайдаланылған. 4. Жұмысшылар саны бойынша деректер штаттық кестеге сәйкес айқындалады. 5. Жұмысшылар саны айқындалғаннан кейін қажетті құрал-сайман түрінің саны айқындалады:
Ин = Чр·(К/10),
мұнда Чр - жөндеу жұмыстарын орындауға арналған жұмысшылар саны, адам; K - жөндеу персоналының 10 адамына арналған құрал-сайман қажеттілігінің нормалары (дана/10 адам) осы Әдістемеге қосымшада келтірілген. 6. Құрал-саймандар мен жарақтардың алынған санын көбейту жағына қарай тұтас мәнге дейін дөңгелектейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|