«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» мемлекеттік мекемесін тарату туралы (2015.31.12. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 130-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» мемлекеттік мекемесі таратылсын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісім бойынша осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1382 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|