«Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен 2019 ж. 11 сәуірден бастап күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы заңының 25-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 41 бұйрығына («Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 28 тамыздағы № 351-352 (26195) жарияланған Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6277 болып енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін: Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасын бекіту туралы»; 1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасы бекітілсін»; Аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|