|
Қазақстан Республикасында темекіні тұтыну туралы ересектерге жаһандық сауалнама жүргізу мәселесі бойынша жұмыс тобын құру туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағынын 9), 19 ), 23), 42), 46) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында темекіні тұтыну туралы ересектерге жаһандық сауалнама жүргізу мәселесі бойынша жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне: 1) 2014 жылғы 28 ақпанға дейін Қазақстан Республикасында темекіні тұтыну туралы ересектерге жаһандық сауалнама (бұдан әрі - зерттеу) жүргізуге және зерттеу сауалнамасының (облыстағы зерттеулерге дайындық бойынша техникалық семинарлар жүргізгеннен кейін) соңғы нұсқасын қабылдауға дайындығы туралы; 2) 2014 жылғы 30 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығына GATS бойынша (Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің зерттеуді аяқтағаннан және зерттеулердің деректерімен кестелерді дайындағаннан кейін) ел есебін талдау және жазу үшін осы зерттеудің деректерін беру бойынша; 3) 2014 жылғы 30 қарашаға дейін ел есебі және GATS бойынша зерттеу нәтижелерінің таралу жоспарын (зерттеудің соңғы есебін дайындағаннан кейін) талқылау бойынша ұсыныстарды әзірлесін және енгізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|