Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 216 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 75-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 46 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға берудің, оның ішінде тендер өткізудің, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасудың және сенімгерлік басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды. Ұлттық қорды сенімгерлік басқару Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен реттеледі. Су шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлік басқаруға беру «Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|