ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 761 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1567 қаулысымен бекітілген
«Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру»
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде - үш ай ішінде; 2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беру туралы қаулысы және ресми рұқсат не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының рұқсат беруден бас тарту туралы қаулысы және осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда жазылған дәлелді жазбаша жауабы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|